jasqazaq.kz

Елорда мектептерінде робот теxникасы сыныбы ашылады

17 желтоқсан 2016, 22:40

«Барыс арена» мұз сарайында балалар мен жасөспірімдер арасында робототехникадан KazRoboSport-2016 республикалық чемпионаты және Drone Rasing Kazakhstan дрондар жарысы ашылды. Республиканың барлық өңірлерінен келген балалар мен жасөспірімдердің 200 командасы өз өнертабыстарын таныстырды, деп хабарлайды BAQ.kz.

Бұл туралы Астана қаласы әкімінің ресми сайты мәлімдеді.

Шарағақатысқан елорда әкімі Әсет Исекешев жастардың осындай маңызды жарыстардың ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен тұспа-тұс келгені қуантатынын атап көрсетті.

«Бүгін біздің балалардың арасындағы новатолардың, робототехниктердің, өнертапқыштардың қозғалысына жол салатын екі маңызды чемпионаттың өтіп жатқаны қуантады. Бұл жарыстарға 200-ден аса адам қатысуда, робототехникадан турнирге 160 дарынды бала келіп, жақсы жобалары мен өнертабыстарын таныстырды. Дрондар жарысы да инновациялық чемпионат саналады. Осы турнирлерді жыл сайын өткізетін боламыз. Биыл біз робот құрастырушы үздіктер үшін 1 300 000 теңге көлемінде арнайы жүлде тағайындадық. Біз бұл қозғалысты қолдаймыз, және келесі жылы елорданың 42 мектебінде робототехника сыныптарын жарақтаймыз», — деді Әсет Исекешев.

Сайыстарға қатысу үшін елордаға 10-25 жас аралығындағы өнертапқыштар келді. Ал дрондар жарысы қонақтарға ерекше әсер етті. Турнирді өткізу үшін аренада ұлттық нақыштағы айрықша трасса орнатылды. Әрбір қатысушы бейнекөзілдіріктің көмегімен өз дронын басқарды.

«Бұл көзілдірікке дисплей орнатылған, ол дроннан бейнені көрсетеді, осылайша, оның қайда ұшып бара жатқанын көруге болады. Мен жарысқа арнап кішкентай дрон дайындап қойдым, ол өте шапшаң. Мұндай жарыстар бүкіл әлем бойынша өткізіледі, біздің де елордадағы осындай алғашқы чемпионатқа келгеніміз қуантады», — дейді Алматыдан келген қатысушы Андрей Манько.

Сондай-ақ, мұнда Drone Expo Kazakhstan — 2016 ұшқышсыз басқарылатын ұшу аппараттарының және робототехника көрмесі ұйымдастырылды. Қонақтар дрондардың түрлі үлгілерімен танысып, шеберлік дәрістеріне қатысуға мүмкіндік алды.

31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу
29 қазан, 12:25
Суомимен стратегиялық деңгейдегі серіктестік