Еліміздің пойыздарында әйелдер вагоны пайда болды

12 қазан 2021, 12:57

Алматы-Өскемен және Алматы-Маңғыстау бағыттарында тек әйелдерге арнаған вагондар пайда болды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» АҚ баспасөз-қызметіндегілер мәлімдеді.

Сырттай вагонның өзге вагондардан айырмашылығы жоқ. Билет құны да бірдей. Билет сатып алғанда әйелдерден қандай вагонды таңдайтынын сұрайды.

Егер арнайы вагонды таңдаса, билет сатып алған нәзік жандыларды вагонға орналастырады.Сонымен қатар мұндай вагонға 7 жасқа дейінгі ұл балалардың кіруіне болады, бірақ жанында ересек адамның болуы міндетті.

Болашақта әйелдер вагонына сұраныс артса, санын көбейту жоспарланып отыр. Арнайы вагонның алғашқысы Алматы-2 теміржол вокзалынан жексенбі, 10-қазанда жолға шыққан. Жолаушы әйелдер вагонның тиімділігін айтып, келешекте өзге де бағыттарда пайда болуын қолдайтынын жеткізген.

Stan.kz

05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң
10 сәуiр, 14:02
"Қазпошта" алаяқтардың асына айналған ба?