jasqazaq.kz

Елімізде медициналық туризмді дамыту мүмкін бе? (Видео)

22 шiлде, 19:30

Қазақстан медициналық туризмге дайын ба? Ол үшін не істеу қажет? Бұл сұраққа алғашқы санаттағы нейрохирург Мыңжылқы Бердіқожаев өзінің ой-пікірін Jas Qazaq-қа берген сұхбатында бөлісті.

— Қазір елімізде медициналық туризм біртіндеп дамып келеді. Бірақ оның толыққанды қалыптасуына түрлі факторлар әсер етеді, — деді дәрігер.
Оның айтуынша, елімізде ішкі туризмді медициналық туризммен шатастырып жататын жағдайлар бар.

— Кейбір облыстарда қажетті ем-дом көрсетілмегендіктен, тұрғындар ірі қалаларға барып ем алуға мәжбүр. Алайда бұны нағыз медициналық туризм деп атау қателік болар еді, — деді ол.
Дәрігер шетелден келетін азаматтардың да еліміздегі медицина қызметтерін жиі қолданатынын атап өтті.

— Қазақстанда сақтандыруы жоқ шетелдік жұмысшылар да біздің медициналық қызметке жүгінеді. Бұл да статистикада медициналық туризм ретінде тіркелуі мүмкін, — деді Мыңжылқы Бердіқожаев.
Маман елімізде қолданылатын кейбір технологиялардың шетелдік пациенттерді қызықтыратынын айтты.

— Мысалы, краниология, өкпе, бүйрек ауруларына қатысты күрделі операциялар жасалады. Сол себепті кей пациенттер арнайы Қазақстанға келіп емделеді, — деді ол. Мыңжылқы мырза шетелдік әріптестерімен де белсенді жұмыс істейтінін атап өтті.

— Өзбекстанға айына бір рет барып, операция жасаймын. Бұрын Қырғызстаннан науқастар Алматыға жиі келетін. Бірақ біз кейіннен жиырма шақты қырғызстандық дәрігерді оқытып, өз елдерінде операция жасауға мүмкіндік бердік. Ең күрделі деген науқастарды өздері ертіп әкеліп тұрады, — деп бөлісті дәрігер.
Сұхбат барысында ол пациент үшін өз елінде емделу әлдеқайда қолайлы екенін жеткізді. Сондай-ақ ол қазақстандықтардың кейде шетел асып ем іздейтініне қынжылысын білдірді.Алайда ол халықтың медицинаға сенімі толық болуы мүмкін емес екенін де жасырмады.

— Қазақтың азаматтары шетелге барып емделіп жүргендерге ашуланатындары да бар. Еліміздің медицинасы білікті де, сенімді деп айта аламын. Өз азаматтарымыз өз медицинамызға 100% болмаса да, олай болуы мүмкін емес, дегенмен үлкен сенім білдірсе, шетелдік пациенттер де соны көріп, бізге келер еді, — деп түйіндеді сөзін.

Олжас Әбдіхалық

Бүгін, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?
29 қазан, 19:25
Инженерлік инфрақұрылым - игіліктің бастауы
29 қазан, 13:36
Қанат Мұсаев: Агроөндірістегі басты мәселе – өнімді өткізу