jasqazaq.kz

Елімізде дәрігер тапшылығы 19 пайызға азайды

30 тамыз 2025, 19:04

Биыл елімізде медициналық жоғары оқу орындарын 11 626 маман бітірді. Оның ішінде 1333 жас дәрігер ауылдық медициналық ұйымдарға жіберілді – бұл өткен жылмен салыстырғанда төрт есе көп (370 адам).

Медициналық кадрларды қолдау

Өткен жылдың қазан айынан бастап 13 аса тапшы мамандық бойынша 254 дәрігер ауылдық жерде жұмыс істегені үшін 8,5 млн теңге мөлшерінде біржолғы төлем алды;
— дәрігерлердің тапшылығы 19%-ға, орта медицина қызметкерлерінің тапшылығы 7%-ға қысқарды. Ауылдарда тапшылық 16%-ға төмендеді

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша резидентурада қосымша 1000 грант бөлінді

Оқытудың жаңа тәсілдері

1 қыркүйектен бастап интернатурада 6 мамандық бойынша даярлық басталады:
ЖПД, терапия, педиатрия, хирургия, балалар хирургиясы, акушерлік және гинекология;
— балалар бейіні мамандарының тапшылығын азайту үшін резидентурада 14 бала мамандығы бойынша оқыту басталады;
— жалпы білім беру есебінен базалық пәндерге 10 кредитке ұлғайту жағына қарай дипломға дейінгі деңгейде дәрігерлік кадрларды даярлаудың білім беру бағдарламалары қайта қаралды;
— медициналық білім берудің барлық деңгейлері үшін стипендиялар 20%-ға көтерілді.

Халықаралық интеграция

1 қыркүйекте Қарағанды медицина және Қазан федералдық университеттерінің арасындағы меморандумның шеңберінде қос дипломды бағдарламаға бакалаврларды алғашқы қабылдау өтеді.
Пәкістанда Қазақстан медицина университетінің филиалы ашылады. Бұл мықты студенттерді іріктеуге, білім беру жүйесін жосықсыз рекрутингтен қорғауға және қазақстандық медициналық білімнің халықаралық рейтингтердегі позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.
Сурет: денсаулық сақтау министрлігі

Бүгін, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр