jasqazaq.kz

Елімізде 100-ге жуық мектеп бірыңғай дизайнмен безендірілді

21 қазан 2025, 16:39

«Адал азамат» бағдарламасы шеңберінде әзірленген бірыңғай дизайн-кодпен 100-ге жуық білім ордасы жаңарып, ұлттық болмыс пен заманауи стиль үйлесім тапты.

Оқу-ағарту министрлігі хабарлағандай,  бірыңғай дизайн-код – тек қабырғаларды безендіру үлгісі емес, тәрбиелеудің жаңа тетігі. Онда ұлттық нақыштағы ою-өрнектер мен заманауи көркем шешімдер үйлесім тапқан. Мектеп қабырғалары Қазақстан табиғатының сұлулығын, тарихи тұлғалардың бейнесін, ұлы ойшылдардың қанатты сөздерін бейнелейтін муралдармен толықтырылады. Сондай-ақ, ортақ шрифт, түс және навигация жүйесі қарастырылып, мектеп кеңістігі бірыңғай эстетикалық және тәрбиелік бағытта жаңғыртылуда.

Кеңістік оқушылардың жас ерекшелігіне сай жасалған: бастауыш сыныптарда – мейірім мен патриоттық тәрбиеге, орта және жоғары буында – пәндік тереңдік пен зерттеушілік мәдениетке басымдық беріледі.

Жаңа дизайн-код алдымен «Келешек мектептерде», кейін реновация жоспарланған 1300 мектепте жүзеге асырылады.

JQ-Aqparat

Сурет: оқу-ағарту министрлігі

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді