jasqazaq.kz

Елімізде 1,8 млрд теңге алимент төленбеген

16 қараша 2016, 14:50

55dce5a9201b00d468c2ce9ed3bb8579_resize_w_520_h_

Бүгiнде елiмiзде төленбеген алименттiң жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден асып кеткен. 160 мың балаға әкесi көмектеспейдi. Бүгiн Мәжiлiсте депутаттар тиiстi министрлiктердiң назарын тағы осы мәселеге аударып, депутаттық сауал жолдады, хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Соңғы бес жылда Қазақстанда алимент өндiру жөнiндегi өндiрiс саны 135- тен 279 мыңға дейiн екi есе өстi. Төленбеген алименттiң жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеден асып кеттi. 160 мың бала алимент алмайды», — дедi депутат Василий Олейник.

Биылғы жылдың бiрiншi қаңтарынан әлеуметтiк маңызды өндiрiстер, оның iшiнде алимент өндiру жеке сот орындаушыларына берiлдi. Мемлекет бұл мақсатқа айтарлықтай қаражат бөлiп отыр. 2016-2017 жылдарға 260 млн теңге қарастырылыпты.

«Бiрақ оң нәтиже жоқ. Өйткенi, сот орындаушылары талапқа сәйкес жұмыс iстемейдi, құзырлы органдар тиiстi деңгейде өзара қарым-қатынас жасамайды, қылмыстық жауапкершiлiк жүйесi тиiмсiз және борышкерлерге құқықтық тұрғыда ықпал етудiң iс-шаралары жеткiлiксiз. Тек 2015 жылы ғана алимент төлемеуге қатысты 8487 фактiнiң 7 мыңы немесе 92 пайыздан астам iс қылмыстық құрамы жоқ деп тоқтатылған. Осындай үрдiс биыл да байқалып отыр», — дейдi ол.

Депутаттың айтуынша, алименттi төлеуге мәжбүрлеу жүйесiн жетiлдiрiп, бұл мәселеде құзырлы органдардың өзара iс-әрекетiн жүйеге келтiру қажет.

13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік