jasqazaq.kz

Еліміз БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі қызметіне ресми түрде кірісті

01 қантар 2017, 12:09

Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі қызметіне ресми түрде кірісті. Еліміз бұл міндетті 2018 жылдың соңына дейін атқармақ. Аталған миссия Қауіпсіздік кеңесінде төрағалық етуге, отырыс шақыруға және талқыланатын күн тәртібін түзуге құқық береді.

Сонымен бірге, республикамыз үшін өзекті мәселелерді көтеріп, әлем назарын аударуға мүмкіндік туып тұр.

Еске сала кетейік, Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып 2016 жылдың 28 маусымында сайланды. Біздің кандидатураны 138 мемлекет қолдаған. Қазақстан – әлемдік маңызы зор ұйымның саяси органына сайланған Орталық Азиядағы алғашқы ел.

Сонымен қатар, халықаралық қауымдастықтың Бас хатшысы ауысты. Пан Ги Мунның орнына Антонио Гутерреш келді. Тоғызыншы Бас хатшы 5 жылдық мерзімге арналған басым бағыттарды белгілеп, ең басты міндет Сириядағы әскери қақтығысқа нүкте қою екенін мәлімдеп те үлгерді. Сондай-ақ Гутерреш Біріккен Ұлттар Ұйымын қайта құрылымдауға ниетті. Мұндай шаралар әлем қауымдастығының ұйымға деген сенімін нығайту үшін қажет.

 

baq.kz

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті