Елге көшіп келушілердің көбі еңбекке қабілетті

08 тамыз 2023, 12:21

Қазақстанға қоныс аударғандардың басым бөлігі еңбекке қабілетті жаста. Бұл туралы Үкімет отырысында көші-қон саясаты тұжырымдасын іске асыру барысын талқылау кезінде Премьер-Министрдің орынбасары–еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова мәлім етті.
«Қазіргі геосаяси ахуал және Көші-қон саясаты тұжырымдамасының шараларын атқару нәтижесінде кейінгі 10 жылдықта алғаш рет көші-қон саласында оң үрдіс қалыптасты. Келген азаматтардың негізгі географиясы ТМД елдері, Қытай және Моңғолия мемлекеттері. Тұрақты тұруға қалған азаматтардың басым көпшілігі еңбекке қабілетті техникалық (1443 адам), экономикалық (577 адам), педагогикалық (288 адам) және медициналық жоғары білімі бар азаматтарды құрап отыр», — деді Т. Дүйсенова. Министрдің айтуынша, соңғы жылдары елімізге қоныс аударушылардың қатары артқан. Тек биылғы жылдың жеті айында 160 мыңнан астам адам Қазақстанға көшіп келген. Қоныстанушылардың көпшілігі негізінен ірі қалаларда тұрақтағанды жөн санайды екен.

JQ-Aqparat

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады