Электрді үнемдеп, ақысын арзан тарифпен төлеңіз

13 тамыз 2023, 23:12

Еліміздегі жылу және электр қуатын өндіретін станциялардың басым көпшілігі көмірмен жұмыс істейтінін ескерсек, халық энергияны қаншалықты көп пайдаланған сайын оның қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсері де соншалықты арта түспек. Демек, электр қуатын, жылу мен ауыз суды үнемдеу арқылы Сіз тек өз қаржыңызды үнемдеп қана қоймайсыз, сонымен қатар еліміздің экологиялық жағдайын жақсартуға да үлес қосасыз деген сөз.

Бүгінде Шымкент қаласында сағатына 450 МВт электр қуаты тұтынылады екен. Қайта өзектендіріліп жатқан жаңа Бас жоспарда көрсетілген есептеулерге сәйкес, 2030 жылға қарай шаһар сағатына 545,7 МВт электр қуатын тұтынатын болады. Сонымен қатар бүгінде қалада 0,4-10 кВ электр желілерінің жалпы ұзындығы 5 459,3 шақырымды құрайтыны, бұл желілердің 57,9 пайызы физикалық тұрғыда тозғаны анықталған. Осыған орай, электр қуатын жеткізуші компания инвестициялық бағдарлама қабылдап, оның аясында 2022 жылы 121,3 шақырым электр желілері жаңартылған. Ал, биыл 126,3 шақырым желілер мен 4 қосалқы станциясы жаңартылып жатыр. Сондай-ақ, компания 2024 жылы 147,8 шақырым желі мен 3 қосалқы станцияны, 2025 жылы 90,2 шақырым желі мен 5 қосалқы станцияны жаңартып, электр желілерінің физикалық тозу деңгейін азайтуды мақсат етіп отыр.

Міне, осы жұмыстарды атқару үшін Мемлекет басшысының «Тарифті инвестицияға айырбастау» деген жаңа тариф саясатының аясында Шымкент қаласында жуырда электр қуатының тарифтері өзгерді. Жеке мақсатта тұтынушылар үшін электр қуатының жаңарған тарифі 20 теңге 39 тиын болып бекітілген. Сонымен қатар мамандар электр қуатын қаншалықты үнемдеп қолдансаңыз, тарифтің де соншалықты төмен болатынын ескертеді.

Мәселен, электрлі плиталарды қолданбайтын тұтынушылар үшін сараланған тарифтер төмендегідей болып белгіленген. Қолданылған электр қуаты әр адам басына шаққанда айына 70 КВт\сағаттан аспаса, 1 КВт үшін төленетін ақы – 18 теңге 37 тиын, егер 70 пен 140 КВт\сағат аралығында болса – 24 теңге 47 тиынды құрайды. Ал, абоненттің 1 айда тұтынған электр қуаты жан басына шаққанда 140 КВт\сағаттан да асып кетсе, онда 1 КВт үшін 30 теңге 59 тиынды құрайтын жоғары тарифпен төлеуіңізге тура келеді. Олай болса, әрбір тұтынушының электр қуатын мейлінше үнемдеу арқылы төмен тарифпен төлеуге мүмкіндігі бар.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады