jasqazaq.kz

Елдің келешегін кемелдендіруге бағытталған бастама

16 қыркүйек 2025, 13:01

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған бүгінгі Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы, цифрлық трансформациясы мен жасанды интеллект технологияларын енгізу бағытында бірқатар нақты міндеттерді айқындады. Президенттің айтуынша, Қазақстан алдағы үш жыл ішінде толыққанды жаппай цифрлық ел болуға тиіс. Әйтпесе, әлемдік бәсекеде артта қалу қаупі зор.
«Экономиканың барлық саласына цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын жедел енгізу қажет», – деп нақты тапсырма берген Президент еліміздің Ұлттық цифрлық даму стратегиясын қалыптастыруды көздейтінін жеткізді. Қасым-Жомарт Кемелұлы айтқандай, «заман ағысына икемделе алған ел ғана өрге жүзеді». Жасанды интеллектке бет бұру жаһандық талапқа сай әрекет етуге ғана емес, елдің келешегін кемелдендіруге бағытталған жол.
Президент қазіргі заманда әлем бойынша жүріп жатқан түбегейлі өзгерістерге жастардың бейімделгіштік қабілеті жоғары екенін айрықша атап өтті. Жастардың цифрлық сауаттылығы мен технологияны меңгеруі Қазақстанның болашақ дамуының басты кепілі екені сөзсіз.
Мемлекет басшысы жасанды интеллект дәуірінде мәдениет пен өнердің маңызын да ұмыт қалдырған жоқ. «Мәдениет қайраткерлері жаңа заманның талабына бейімделіп жұмыс істеуі керек», – деген Қасым-Жомарт Тоқаев өнер адамдарына қолдау көрсетілетінін, сонымен қатар инфрақұрылым мәселесі де назардан тыс еместігін атап өтті. Президент һәкім Абайдың «Адамның адамшылығы – ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» деген дана сөзін мысалға келтіре отырып, заманауи Қазақстан азаматтарының саналы, белсенді әрі білімді болуы ел дамуының негізі екенін жеткізді.
Президент Жолдауында Қазақстанның көпвекторлы және сындарлы сыртқы саясаты туралы кеңінен тоқталды. Оның айтуынша, бүгінде көптеген мемлекеттер Қазақстанмен достық қарым-қатынас орнатып, тиімді ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі.«Цифрландыру және жасанды интеллект дәуірінде мемлекетіміздің ұлттық стратегиялық мүддесіне сай келетін сыртқы саясат –-экономикалық тұрақтылығымызға ықпал ететін басты фактор», – деді Мемлекет басшысы.

Досыбай ШЕРІМҚҰЛОВ,
қоғам қайраткері

18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат