jasqazaq.kz

Елбасы Валентина Матвиенкоға «Достық» орденін тапсырды

11 мамыр 2016, 19:14

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев РФ Федералдық Жиналысы Федерация Кеңесінің төрайымы Валентина  Матвиенкомен кездесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесу барысында екі елдің өзара ықпалдастығын, соның ішінде парламентаралық саладағы іс-қимылын нығайту мәселелері талқыланды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастық көпжақты сипатта екенін, оған негіз қалаушы құжат ХХІ ғасырдағы тату көршілік және одақтастық туралы шарт болып саналатынын және ол Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шешім қабылдауға ықпал еткенін атап өтті.

Бұл орайда Қазақстан Президенті осы интеграциялық бірлестіктің дамуына назар аударды, сондай-ақ Еуропалық комиссия төрағасы Ж.-К.Юнкермен күзде Еуразиялық экономикалық одақ — Еуропалық одақ бірлескен форумын өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілгенін айтты.

Ресей Федералдық Жиналысының Федерация Кеңесінің төрайымы қабылдау үшін алғыс айтып, екі елдің арасындағы стратегиялық және достық қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға бар күш-жігерін жұмсауға әзір екенін білдірді.

Кездесу барысында Мемлекет басшысы сондай-ақ В.Матвиенкоға Қазақстан мен Ресей арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі «Достық» орденін тапсырды.

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді