jasqazaq.kz

Елбасы: Сотқа қысым жасайтын лауазымдыларды бүкіл елге көрсету керек

21 қараша 2016, 15:11

snimok

Президент Нұрсұлтан Назарбаев сотқа байланысы мен ақшасы арқылы қысым жасағысы келетiндердi бүкiл Қазақстанға жариялап, көрсетудi ұсынды. Әйтпесе, мұндай жағдайлардың тамырына балта шабу мүмкiн емес. Бұл туралы Елбасы Астанада өтiп жатқан республика судьяларының VII съезі барысында айтты.

Baq.kz хабарлағандай, президент әкiмшiлiгiне өткен жылы заңдылықтың сақталуына байланысты азаматтар мен ұйымдардан 10 мыңға жуық шағым түссе, биылғы жылдың он айында олардың саны 7 мыңға жетiп отыр. Бұл орайда, Мемлекет басшысы атап өткендей, бiр жағынан, сот қателiктерiне, екiншi жағынан, кез келген лауазымды тұлғаның сот қызметiне араласуына жол бермеу маңызды.

«Белгiлi бiр лоббистiк топтың мүддесiн қорғау үшiн сотқа қысым жасау мақсатында қоғамдық пiкiрдi пайдаланатын фактiлердiң жолын кесу керек. Ондайлар бар, мұны мен бiлемiн. Оларды жария ету қажет. Байланысы, ақшасы арқылы сотқа ықпал еткісі келетін адамдарды бүкiл Қазақстанға көрсету керек. Әйтпесе, бұл жалғаса бередi», — дедi Н.Назарбаев.

Бiрақ бұл сот қауымдастығы қоғамдық сыннан жабық болуы тиiс деген сөз емес. Өйткенi, Елбасының айтуынша, демократиялық қоғам барлық мемлекеттiк институттардың жұмысына баға беруге құқылы.

«Сондықтан «Ұлт жоспарында» судьялардың есептелiгiн нығайту мiндетi қойылды. Бұл олардың тәуелсiздiгiне қол сұғу деген сөз емес», — дедi Президент.

Айта кетейiк, Астанада республика судьяларының VII съезі өтуде. Маңызды жиынға судьялар корпусы, Парламент депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, заңгерлер қауымдастығының, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері мен әлемнің 10-нан астам елiнен келген сарапшылар — барлығы 600 делегат қатысып жатыр.

Республика судьяларының съезi 4 жылда бір рет өтеді. Тәуелсіздік жылдары iшiнде алты съезд (алғашқысы 1996 жылы) өтті. Маңызды жиын сот жүйесінің дамуы үшін айрықша стратегиялық мәнге ие. Олардың әрбірінде соттар дамуының қорытындысы шығарылып, өзекті мәселелер бойынша шешімдер қабылданады.

24 қазан, 14:44
Manish Chand: Kazakhstan’s foreign policy aims to build balanced relations and strengthen partnerships with nations large and small
24 қазан, 14:04
Бітімгерлер – бейбітшілік елшісі
24 қазан, 13:43
Маниш Чанд: Қазақстанның сыртқы саясаты үлкенді-кішілі мемлекеттермен теңгерімді байланыс орнатуға және серіктестікті нығайтуға бағытталған
23 қазан, 16:20
Нақты іске бағыттайтын бастамалар
23 қазан, 12:28
Кәсіпкерлер жеңілдікпен қандай несие алады?
22 қазан, 17:52
Мақсат – бюджет шығынын асырмау
21 қазан, 20:25
Каспийдің қос жағалауын тоғыстырған ырысты ынтымақ
21 қазан, 18:34
Салық саясатындағы өзгерістің күнгей тұсы
21 қазан, 11:15
Агроөнеркәсіпті дамыту – мемлекетті нығайтудың көрінісі