jasqazaq.kz

Елбасы Ресей президентімен кездеседі

19 желтоқсан 2016, 22:35

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының басшысы Владимир Путин Санкт-Петерборда екіжақты және халықаралық өзекті мәселелерді талқыламақ. Бұл туралы Кремльдің ресми сайтында хабарланды. Кездесу 2016 жылдың 26 желтоқсанында өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесі (ЖЕЭК) мен Ұжымдық қауіпсіздік кеңесі сессиясының отырыстары қарсаңында өтетін болады. Сондай-ақ ЖЕЭК кездесуі барысында Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Ресей басшылары Еуразиялық экономикалық одағының алғашқы екіжылдық жұмысының қорытындысын шығарып, интеграциялық бірлестікті одан ары дамыту бойынша бағыт-бағдарларды айқындайтын болады. Саммиттің басты шараларының бірі қол қою күтіліп отырған ЕАЭО-нің Кеден кодексі туралы келісімшарт болмақ. Сонымен қатар бірқатар өзге де маңызды көпжақты құжаттардың қабылдануы жоспарланған. Мемлекет басшылары Одақтың 2017 жылғы халықаралық қызметінің негізгі бағыттарын бекітіп, Еуразиялық одақтың басты сауда-экономикалық серіктестерімен ықпалдастығының түрлі аспектілерін талқылайтын болады. Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы (ҰҚШҰ) отырысының шеңберінде Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей көшбасшылары Ұйым аясындағы одақтық өзара әрекеттестіктің өзекті салаларын, оның ағымдағы қызметін қамтамасыз ету мәселелерін көтереді. Лаңкестік және экстремистік қауіп-қатерлерге қарсы тұру, есірткі мен қару-жарақтың заңсыз айналымымен күрес тақырыптарын қоса алғанда, жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі басты мәселелер бойынша пікір алмасу жоспарлануда. «ЖЕЭК пен ҰҚШҰ отырыстары қарсаңында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жұмыс сапарымен Санкт-Петербор қаласына келеді. Ресей және Қазақстан басшылары екіжақты және халықаралық өзекті мәселелерді талқылайтын болады», — делінген Кремльдің таратқан хабарламасында.

ҚазАқпарат

26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс