jasqazaq.kz

Елбасы Қазақстан халқын 1 мамыр мерекесімен құттықтады

01 мамыр 2018, 11:52

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтайды, деп хабарлайды Ақорда.

«Баршаңызды 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл шынайы жалпыхалықтық мереке отаншылдығымыздың, туған жерге деген сүйіспеншілігіміз бен адалдығымыздың жарқын символы болып саналады. Бірлік пен келісімнің арқасында біз тәуелсіз мемлекет қалыптастырып, зор жетістіктерге жеттік. Әлемге танылып, биік беделге ие болдық», — дейді президент.
Оның айтуынша, бірлік пен келісімнің маңыздылығын толық ұғыну — еліміздің үйлесімді әрі орнықты дамуының негізгі факторы.
«Бірлік, достық және өзара сыйластық болған кезде ғана біздің кең байтақ ортақ отанымыз — Қазақстан Республикасы мол байлық пен бақ-берекеге кенеледі. Осы маңызды құндылықтар қоғамымыздың дүниетанымын анықтап, оның одан әрі біріге және жұмыла түсуінің айқын бағдары болады.Мемлекет өмірінің барлық саласындағы ауқымды жаңару жаңа белестерді бағындырып, жеңіске жету жолында бірлігіміз бен тұрақтылығымызды нығайтуға септігін тигізеді деп сенемін», — деген Елбасы барша қазақстандыққа зор денсаулық, бақ-береке және жаңа табыс тіледі.

Бүгін, 14:01
Алматының индустриалдық аймағы – даму драйвері
12 желтоқсан, 17:21
Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында пластик қақпақтарды жинау бойынша эконауқан өтеді
12 желтоқсан, 12:32
Алматы: «Таза Қазақстан» экоакциясының жыл қорытындысы
12 желтоқсан, 12:09
Алматыда «Эко-шырша Алматы» ашық байқауы басталды
11 желтоқсан, 14:20
Алматыда тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
10 желтоқсан, 23:45
Алматының тазалығын сақтау – ортақ міндет
09 желтоқсан, 13:10
Алматы өңдеу саласын дамытуды жеделдетті
04 желтоқсан, 15:02
Алматыда Сайран көліндегі понтон көпірлер су деңгейінің төмендеуіне байланысты жыл сайын қыста алынады
03 желтоқсан, 19:08
Алматыда қатты отын қолданатын кәуапханаларға бақылау күшейтілді