jasqazaq.kz

Елбасы: Иранмен қарым-қатынасымыз санкция кезінде де үзілген жоқ

22 желтоқсан 2016, 17:13

Бүгін Ақордада бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Иран Ислам Республикасының Президенті Хасан Руханимен келіссөздер жүргізді. Сосын мемлекет басшылары баспасөз өкілдеріне бірлескен мәлімдеме жасады.

BNews.kz хабарлағандай, «ең алдымен Иран мемлекетінің басшысы, қадірменді Хасан Рухани мырзаға делегацияны басқарып, Қазақстанға қош келдіңіз деймін. Бұл Иран басшысының Қазақстанға екінші рет келуі. Мен биылғы сәуір айында ресми сапар жасадым. Сол кезде біз кездесіп, көп мәселені шештік. Бүгінгі жүздесу сол кездесудің жалғасы және екі елдің арасындағы қарым-қатынасты одан әрі жоғары сапаға көтерді деп санаймыз. Иран мұсылман елдері арасында Қазақстанның тәуелсіздігін қолдаған ең алғашқы елдердің бірі. Қазақстан 1991 жылдың 16 желтоқсанында Тәуелсіздігін жарияласа, 1992 жылдың 29 қаңтарында екі елдің арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас орнады. Оған да мінекей 25 жыл болады. Бұл екі мемлекет арасындағы достық қатынастың жарқын көрінісі», — деді Елбасы.

Нұрсұлтан Назарбаев осы ширек ғасыр ішінде мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас өте қарқынды дамығанын атап өтті. Ынтымақтастықтың барлық бағыты бойынша жұмыс істелген.

«Тегеран Қазақстанның сыртқы істер саяси бастамаларының барлығына қолдау көрсетіп келеді. Біз ешқашан, тіпті Иран төңірегінде санкциялар болып жатқан кезде де байланысымызды үзген жоқпыз. Ядролық бағдарламаға қатысты келіссөздердің екі кезеңін Алматыда өткізіп, қолымыздан келгенше көмегімізді бердік», – деп толықтырды Президент.

Елбасы сондай-ақ Қазақстан мен Иран көлік әлеуетін бірлесе пайдалануы қажет екенінін айтты.

«Рухани мырзамен бірге бүгін екіжақты қарым-қатынасты тереңдету жолдарын талқыладық. Қазақ-иран диалогы аясында қарым-қатынасымыз кеңейіп, жүйелі түрге түсіп келе жатыр. Басты мақсатымыз – екі халықтың достық қарым-қатынасын одан ары нығайту. Келіссөздер барысында сауда-экономика, инвестиция, әріптестікті нығайту жолдарына баса назар аудардық. Өздеріңіз білетін Қазақстан-Түрікменстан-Иран темір жолы өңірдегі тиімді көлік коммуникациясы болып саналады. Тек қана Қазақстаннан Иранға емес, Парсы шығанағына шығып, сол өңірдегі мемлекеттермен экономикалық қарым-қатынас жасауға мүмкіншілік береді. Иран аумағында астық және контейнер терминалдарын бірлесіп салу жұмыстары қолға алынып жатыр», – дейді Н.Назарбаев.

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті