jasqazaq.kz

Елбасы бейнеленген жаңа купюра таныстырылды

15 қараша 2016, 11:28

9bcb7104d74c57907e8174f06e28f2d9_resize_w_520_h_

Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Ұлттық банкінің «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл: ұлттық валюта» атты конференциясы өтіп жатыр. Іс-шара барысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Елбасы бейнеленген 10 мыңдық сувенирлік банкнот пен монеталарды таныстырды. Жаңа банкноттар осы жылдың 1 желтоқсанында шығарылады.

Baq.kz хабарлағандай, тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында Ұлттық банк Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген жаңа 10 000 теңгелік банкнотты таныстырды. Жаңа банкнот бірегей технологиямен жасалған. Онда өмір ағашы, сақтар дәуірінен бүгінгі күнге дейінгі тарихты жинақтау белгісі ретінде жасалған қорғаныш элементтері бейнеленген.

Сондай-ақ, жаңа теңгеде бейметалдық галаграмма, символдық бейнелер арқылы көрсетілген Астананың панорамалық бейнесіндегі қорғаныш элементтері, факсимелье оюланған сурет көрсетілген. Ал жаңа 5 мың теңгелік монета брус сапасымен дайындалған 925 сынама күмістен жасалған бірегей монета. Жаңа монета Мәңгілік ел идеясының құндылықтарын сипаттайды. Монетаның бет жағында Қазақ елі монументінің суреті бейнеленген. Сонымен қатар, монетада қазіргі Қазақстанның картасы аясында әр ұлт өкілдерінің ұлттық киімдері бейнеленген. 5 мың теңгелік монета алтындалған күншығыс бейнесімен әшекейленген. Оның салмағы 777, 5 грам.

photo_31514

Данияр Ақышев жаңа монетаның қашан шығарылатынын атап өтті.

«Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған 10 мыңдық сувенирлік банкнот және 5 теңгелік монета шектелген тиражбен 2016 жылдың 1 желтоқсанынан қолданысқа шығарылады», — деді төраға.

Айта кетейік, бүгін Бейбітшілік және келісім сарайында ҚР Ұлттық банкінің «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл: ұлттық валюта» атты конференция өтуде. Маңызды жиынға Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова қатысып жатыр.

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді