jasqazaq.kz

Елбасы: Қазақстан Сирияға қатысты келіссөз үшін барлық жағдайды жасайды

26 желтоқсан 2016, 18:46

Қазақстан Сирияға қатысты келіссөзге қатысатын барлық тарапты Астанада қабылдауға, бұл үшін барлық қажетті жағдайды жасауға әзір, — деді Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев РФ Президенті Владимир Путинмен кездесу барысында, деп хабарлады  РИА Новости.  «Сіздің ұсынысыңыз туралы мәселе шешімі: Қазақстан Астанада келіссөз үшін тараптарды қабылдауға әзір. Біз кеше сізбен, Ердоғанмен (Түркия Президенті) және Руханимен (Иран Президенті) сөйлестік. Олар келісті. Біз олар кездесіп, жағдайды пысықтауы үшін барлық жағдайды жасаймыз», — деді Назарбаев. Президент Путин бұдан бұрын түрік көшбасшысы Тайып Ердоғанмен Сирияда қақтығысушы тараптарға Астанада жаңа алаңда бейбіт келіссөз үдерісін жалғастыруды ұсыну жайлы уағдаласқанын хабарлаған. Оның айтуынша, бұл Женева келіссөздерін толықтырады. Қазақстан Президенті Назарбаев ұсыныспен келісті. Кремль баспасөз қызметінің хабарлауынша, Путин мен оның ирандық әріптесі Хасан Рухани телефонмен сөйлесу барысында Алеппоны азат ету операциясын сәтті аяқтау Сириядағы терроризмді толықтай жеңу жолындағы маңызды қадам болып табылатынын атап өткен.

ҚазАқпарат

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті