jasqazaq.kz

Елбасы: Астананың атауын өзгертуге қажеттілік жоқ (видео)

25 қараша 2016, 16:49

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев елорданың атауын өзгертуге қажеттіліктің жоқ екенін айтты.

Бұл туралы Қазақстан Президенті ресейлік журналистерге берген сұхбатында мәлімдеді. «Мен осында тұрамын, барлығын естіп жатырмын.Tengrinews.kz хабарлағандай, интернетте жазып, айтып жатыр. Бұған жауап та беріп қойғанмын. (…) Бұл — бренд. Сондықтан атауын өзгертудің қажеті жоқ. Астанада Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының ХХІ ғасырдағы бірінші саммиті өтті. Қысқы Азия ойындарын қабылдадық. EXPO-2017 өтеді. Осының барлығы Қазақстанмен байланысты, бірақ барлық жерде Астана айтылады. Мұны өзгертудің қажеті не?», — деп жауап берді Нұрсұлтан Назарбаев тілшінің сұрағына.

Айта кетейік, Мемлекет басшысы осыған дейін де Астананың атауын өзгерту туралы пікір білдірген болатын. «Мен мұндай болжамды ешкімге айтқан емеспін. (…) Барлық мәселені біз салмақтап, өз ретімен шешеміз», — деген еді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, Парламент Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтанов Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін Астана атауында көрсетуді ұсынған болатын.

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді