jasqazaq.kz

Елбасы: Астананың атауын өзгерту мәселесі байыппен шешіледі (видео)

24 қараша 2016, 16:42

snimok

Бүгін Ақордада жаңғырту жөнінде кеңес өткізген Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Парламент депутаттарының Астанаға «Нұрсұлтан» немесе «Назарбаев» атауын беру туралы бастамасына қатысты пікір білдірді.  ҚазАқпарат хабарлағандай, Елбасы «Бірдеңе болса, соған «нұр», «нұрлы» деген сөзді қосады. Соның бәрі менің жеке басыммен байланысты деп ойлайды. Бұл тақырып туралы айтып жүргеніме көп болды. Бүкіл жерге «нұр», «нұрлы» деп жазсын деген тапсырманы мен берді деп ойлайтын шығар. Кеше ғана Парламент тіпті Астанаға менің атымды беру туралы болжам жасапты. Мен ондай болжам жасаған емеспін, ол туралы айтқан да емеспін», — деді.

Естеріңізге сала кетейік, кеше Қуаныш Сұлтанов бастаған бір топ депутаттар Астанаға «Нұрсұлтан» немесе «Назарбаев» деген ат беру туралы бастама көтерген болатын.

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді