jasqazaq.kz

Елбасы Астана қаласының әкімін қабылдады

16 мамыр 2016, 19:04

20160516180926

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбековті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ә.Жақсыбеков Мемлекет басшысына елорданың әлеуметтік-экономикалық дамуы, негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы және алдағы кезеңге арналған жоспарлар туралы баяндады.
Кездесу барысында Қазақстан Президенті өңірлік жалпы өнімінің көлемі 4 триллион 560 миллиард теңгеге жеткен қала бүгінде өсім қарқыны бойынша елде бірінші орында тұрғанын айтты.
Сонымен қатар негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемінің өсімі байқалуда, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ол 770 миллиард теңге болды. Шағын және орта бизнес субьектілерінің саны 2014 жылы 93 мың болса, қазіргі кезде 105 мыңға дейін жетті. Шағын және орта бизнес секторындағы қосымша құнның жиынтық үлесі қала экономикасының жалпы көлемінің 62 пайызына жетеғабыл. Биыл 2,1 миллион шаршы метр көлемінде баспана пайдалануға беріледі деп жоспарланған, 2014 жылы бұл көрсеткіш 1 миллионның шамасында болған еді.
Мемлекет басшысы әлеуметтік даму индикаторлары арасынан жұмыссыздық деңгейінің төмен екенін және 6 мың бос жұмыс орны бар екенін айтып өтті. Өткен жыл қорытындысы бойынша, Астанада жан басына шаққандағы орташа табыс 3,7 миллион теңге болды. Елордада балалардың 84,5 пайызы мектепке дейінгі біліммен қамтылған, балабақшалар мен мектептер құрылысы жалғасуда. 2015 жылы жаңа туған 100 мың сәбиге шаққанда ана өлімі 7 адамға тең болса, биылғы бірінші тоқсанда бұл көрсеткіш нөлге теңесті.
Нұрсұлтан Назарбаев қаланы дамытуға капитал салу тиімді болып шыққанына, бүгінде оның орны толып жатқанына да назар аударды.
— Бұл — қуантарлық көрсеткіштер, ол мемлекеттің, бірінші кезекте қала әкімдігінің сындарлы жұмысының нәтижесі болып саналады. Осы жұмысты жалғастыру керек. Елорда барлық бағыт бойынша үлгі көрсетуге тиіс. «Ақылды қаланы», балама энергетиканы дамыту, жылумен жабдықтау, көшелерді абаттандыру, автотұрақтар салу бағытында көп нәрсе жасалуда. Қала жақсы дамып келеді және бұған қажетті өз қаражаты да бар, — деді Қазақстан Президенті.
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

ҚазАқпарат

12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?
26 желтоқсан 2025, 13:06
Айлалы роман: алаяқтар танысу сайттарында қалай алдайды
25 желтоқсан 2025, 16:53
Даңқты батыр Бауыржан Момышұлына “Халық Қаһарманы” атағы ресми түрде берілді
25 желтоқсан 2025, 15:12
«Әкең жынды болса, байлап бақ»: Мұхамеджан Тазабеков Түркістандағы оқиғаға қатысты пікір білдірді (Видео)
25 желтоқсан 2025, 13:38
Жыл қорытындысы: заң, тәртіп және цифрлық даму
25 желтоқсан 2025, 11:48
"Қауіпсіз шот" жоқ! Бас прокуратура алаяқтардан сақтануға шақырды
24 желтоқсан 2025, 10:54
2025 жыл: мәдениет саласындағы даму мен жаңару кезеңі
22 желтоқсан 2025, 13:50
Қызылорда облысына биыл 750 млрд. теңгеден астам инвестиция тартылды