jasqazaq.kz

Ел қорғау -нағыз ердің ісі

14 қазан 2025, 16:46

Бүгін Астана қаласының Жастар сарайында күзгі маусымда әскерге шақырылған жастарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі болып өтті. Оған Астана әкімдігінің басшылығы, ҚР Қорғаныс министрлігінің өкілдері, ҚР Қарулы Күштері мен еңбек ардагерлері, Л.Гумилев атындағы ұлттық университеті әскери кафедрасында білім алып жатқан студенттер қатысты.
Ең алдымен қатысушылар назарына көне дәуірден бастап қазіргі заманға дейінгі кезеңерде ата-бабаларымыздың қазақ жерін қалай қорғағаны туралы деректі фильм көрсетілді.

Содан соң аға ұрпақ өкілдері сөз алып, жастарға ақ жол тіледі. Олардың ішінде «ҚР Қарулы Күштері ардагерлері» қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары, отставкадағы генерал-майор Марат Нағұманов, Астана қаласы Ардагерлер кеңесінің жауапты хатшысы Салтанат Меңлібаева, салауатты өмір салтын насихаттайтын «Жаңа мен» жобасының авторы, атлет-жаттықтырушы Айтым Жақыповтар бар.
Өз кезегінде Еуразия ұлттық университетінің студенті ізінен ерген інілеріне былай деді:
— Отанды қорғау — әрбірі азаматтыңы парызы. Оның үстіне әскери қызмет жастар үшін жоғары білімге жол ашады. Мен мысалы, Мемлекеттік күзет полкінде қызмет атқарып, кейін гранпен Еуразия ұлттық унтверситетіне оқуға түстім.

Биыл әскери кафедраға қабылдандым, болашақта запастағы офицер атанғым келеді. Әскерге аттанып бара жатқан жастарға ақ жол тілеп, адал қызмет атқарыңдар дегім келеді!
Салтанатты жиынның соңында ҚР Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталыққа қарасты әскери ансамльбің әншілері концерт қойып, көпшіліктің ықыласына бөленді. Астаналық жастардың бір тобы бүгін әскерге осылайша көтеріңкі көңіл күймен аттанып кетті.

Гүлжауһар Мырзабекқызы,
Гүлнәз Әбдіәшім,
ЕҰУ әскери кафедрасының студенттері

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді