jasqazaq.kz

Екібастұзда қoныс той

28 қараша 2017, 15:45

 Екібастұзда Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында пәтер кілтіне ие болды

Жаңа бес қабатты үй 80 пәтерден тұрады. Бұл – мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасының аясында салынған алғашқы нысан. Осыған дейін өндірістік қала Екібастұзда әлеуметтік тұрғын үй тұрғызылмаған болатын.

Бүгін жаңа баспанаға қол жеткізген тұрғындар – құқыққорғау мекемелерінің қызметкерлері, дәрігерлер, мұғалімдер, кәсіпорын жұмысшылары. Олар пәтерлерді 1 шаршы метрі 90 мың теңге болатын бағамен сатып алды. Орта есеппен бір бөлмелі пәтердің бағасы 4 млн теңгені құрайды. Оны сатып алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) шотында үй құнының 30%-ын құрайтын алғашқы жарна жинау керек еді. Ар жағындағы жетпейтін соманы ТҮҚЖБ жылдық мөлшерлемесі 5% болатын жеңілдікті заем түрінде берді. Бұл – «Нұрлы жер» бағдарламасының аясында тұрғын үй сатып алу шарты.

Банк салымшыларына пәтер кілтін Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов пен банктің облыстық филиалының директоры Талғат Баилов тапсырды.

— Басында бір шаршы метрдің бағасы 115 мың теңге болатын. Бірақ біздің банкте салымы бар, орташа жалақысы 80 000 теңге болатын Екібастұз тұрғындары үшін бұл сома ауырлау болатын еді. Осы себепті аталған мәселені шешу үшін облыс әкімдігімен байланыстық. Аймақ басшысы бұған түсіністікпен қарады, нәтижесінде клиенттеріміз бұрынғыдан да төмен бағамен баспана сатып алып, жаңа үйге кіруге дайындалып жатыр, — дейді Талғат Баилов.

Орта есеппен алғанда бір бөлмелі пәтер үшін ТҮҚЖБ несиесі бойынша ай сайынғы төлем 28 мың теңгені құрайды. Олжас Жүзжасаровтың да төлейтін сомасы дәл осындай. Құқыққорғау органының қызметкері 7 жыл бойы пәтер жалдап келіпті. Үш жыл бұрын ол Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот ашып, баспаналы боламын деп ақша жинай бастаған екен. Осы уақыт ішінде Олжас болашақ пәтер бағасының 40%-ын депозитіне салып үлгеріпті.

— Несие бойынша төлейтін сомам осыған дейінгі ай сайын біреудің үй үшін беріп келген ақшамнан аз. Осы жылы үйлендім, ұлым Асан дүниеге келді, бүгінгі отбасыммен бірге пәтер кілтін алып отырмын. Еңбегім далаға кеткен жоқ, — деп әсерімен бөлісті банк салымшысы Олжас Жүзжасаров.

Қазір 150 мың  адам өмір сүретін Екібастұздың әр 15-тұрғыны Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен шот ашып, қаражат жинап жатыр. Келесі жылы мемлекеттік бағдарлама аясында бұл қалада тағы 3 үй тұрғызылатын болады.

 

 

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда