Екі өзендегі су қоймасы 80-нен асады

15 қыркүйек 2023, 16:13


Арал теңізіне құятын қос өзен — Әмудария мен Сырдарияның бойына салынған су қоймаларының саны 80-нен асады. Осы өңірдегі елдер суды тиімсіз пайдалану және экологиялық зардапты елемеу сияқты проблемалармен бетпе бет келіп отыр.
Қазақстан Президенті Тәжікстанда өткен Аралды құтқару қорының құрылтайшы мемлекеттері басшылары кеңесінің отырысында жиналғандардың назарын осы мәселеге аударды. Aqorda хабарлағандай, Мемлекет басшысы Сырдария мен Әмудариядағы су арнасының реттелу деңгейі тым жоғары екенін атап өтті. Бұған дәлел ретінде осы өзендердің бассейнінде жалпы көлемі 65 текше шақырымға жететін 80-нен астам су қоймасы салынғанын айтуға болады.
Қасым-Жомарт Тоқаев өзекті де өткір мәселеге орай «Қазақ халқында «Су –ырыс көзі» деген мақал бар. Мемлекеттеріміз су саясатын қалыптастыру барысында судың шектеулі ресурс екенін ескеруі тиіс деп санаймын. Өйткені, бүкіл өңірдің әл-ауқаты мен тұрақты дамуы суға тікелей байланысты» деді.
Саммит қорытындысы бойынша Президенттер 4 құжатқа қол қойды.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді