jasqazaq.kz

Екі əйелді өлтіріп үйін өртеп жіберген

05 желтоқсан 2017, 22:00

Алматыда апалы-сіңлілі екі әйелді жауыздықпен өлтірген күдікті іздестіріліп жатыр.

Қаскөй бірін 30 рет, екіншісін 16 жерден пышақтап, үйлерін өртеп, өзі тайып тұрған. Өрттен тірі шыққан тағы бір ер адам ауруханада жансақтау бөімінде жатыр. Күдікті бірақ алыстан келмепті. Оны марқұмдардың туыстары танып отыр. Ал полиция іздеу жариялағаны болмаса, оны әлі ұстай алмай келеді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Оқиға осыдан 4 күн бұрын болған. Летняя 84 мекенжайындағы мына үй түнжарымда өртеніп жатқанда көршілері байқап қалыпты. Сол сәтте марқұмдардың күйген мүрделерін өрт ішінен сүйреп алып шыққан. Азапты өлімге душар болған Людмила Тимофеева мен Ольга Суслина туғалы бері осы үйде тұрып келіпті. Көршілерінің айтуынша, ешкімге зияны жоқ, өздерімен өздері күн кешіп жатқан адамдар екен. Ал күдікке ілінген азамат көрші үйдің бейнебаылау камерасына түсіп қалыпты. Қазір ішкі істер органдары 1983 жылдың тумасы Замандин Палтуевті жер-көктен іздеп жатыр. Бірақ әлі нәтиже жоқ.

МИЛА ЖУРАВЛЕВА, МАРҚҰМДАРДЫҢ ТУЫСЫ:

-Бақылау камерасына оның қанға боялып шығып келе жатқаны түсіп қалған. Ол менің күйеуімнің бұрынғы сыныптасы болып шықты. Бұрын ондайын байқамап едік. Енді осындағы көрші-қолаң болып тағдырымызға алаңдап отырмыз. Ал оны әлі таппай жатыр.

09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда
31 шiлде, 11:55
Қазақстан жаһандық процестерге белсене араласады