jasqazaq.kz

Екі елден де зейнетақы алып келген

29 желтоқсан 2016, 21:18

Теміртауда әйел он жылдан астам уақыт бойы екі азаматтықпен өмір сүріп келген. Ол бір уақытта Қазақстанның және Ресейдің азаматы болыпты.

Бұл туралы “Наша Ярмарка” басылымы хабарлайды.

Теміртаудағы миграциялық полиция аға инспекторы Арыстан Әбіловтың айтуынша, бұл жерде кінә ресейлік мамандар тарапынан кеткен.

“Әйел ресейлік азаматтықты Ресей Федерациясы аумағында алған болуы керек. Егер олай болмаған жағдайда біз бұл туралы білетін едік. Өйткені, ондай жағдайда бізге азаматтық ауыстыру туралы елшіліктен хабар келеді”, – дейді Әбілов.

Нәтижесінде зейнеткер Ресей мен Қазақстанның зейнетақысын қатар алып отырған. Осылайша ол өзіне тиесілі емес жалпы сомасы 7 миллион теңгені иеленген.

“Әйел өзіне төленген зейнатықының біреуін бірден қайтарды. Ол ақшаны жерлеу рәсіміне сақтағандықтан, жұмсалмай сол күйі тұрған. Айыппұлды да өтеді”, – деп хабарлады.

Қазақстан заңы бойынша, екі азаматтықта қатар жүруге тыйым салынған. Бұл үшін әкімшілік жаза тағайындалған. Қарт әжейге осы заңды бұзғаны үшін 400 мың теңге айыппұл салынды.

 Stan.kz

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті