Егіншілікте органикалық тыңайтқыштың маңызы орасан

16 тамыз 2023, 22:00

Өсімдік те адам ағзасы іспеттес, өсу барысында дәрумендерді қажет етеді. Тұқымды жарып шыққаннан жеміс бергенге дейін топырағы тиісті минералдармен байытылмаса, өнімділік төмендейді. Бұл жағдайда кей шаруалар аз шығынмен мол өнім алу үшін түрлі нитраттардың көмегіне жүгінуі әбден мүмкін. Нитрат өнімділікке уақытша оң әсер бергенімен адамның денсаулығына қауіп төндіретіні ғылымда дәлелденген. Сондықтан ұлт саулығы мен дұрыс тамақтану жолында органикалық тыңайтқыштарға мән беру қажет. Осы орайда шаруалар биогомус арқылы жерді тыңайтып, мол өнім алуға қол жеткізіп отыр.

–Топырақты қызыл шылаушыннан өндірілген биогомус арқылы тыңайту тәсіліне шымкенттік шаруалардың қызығушылығы өте жоғары. Құрғақ биогомусты өсімдік бойына сіңіруге уақыт қажет. Ал, жылына 2-3 өнім алуға ниеттенгендерге арналған биогомустың сұйық күйін өндіріп жатырмыз. Біз осы тыңайтқышты құрғақ биогомусты сығып алу технологиясы негізінде әзірледік. Сұйық тыңайтқыш өсімдікке қысқа уақытта оң әсер етіп, өнімділікті екі есеге арттырады. Құрамында ешқандай нитрат немесе улы зат жоқ. Табиғи түрде өндірілген сұйық биогомустың құрамындағы макро және микрэлементтер толық сақталып, өнімнің құнарлылығын арттырады. Күннен күнге шаруалар тарапынан осы органикалық тыңайтқышқа деген сұраныс артып келеді. Мұны тағы бір артықшылығы – жердің эррозиясы мен тозуының алдын алады, –дейді осы көрмеге «Биомак» органикалық тыңайтқышын алып келген Бекзат Абдулла.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі. Осы саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді» деп нақтылап айтты. Бұл шындық. Ауыл шаруашылығы саласын өркендету үшін ең алдымен оның дамуына кедергі келтіріп отырған мәселелер анықталуы тиіс. Оларды біртіндеп шешу қолға алынса, алға қойған мақсаттар да өздігінен орындала бастайды. Яғни, ауыл шаруашылығы өнімдері артып, азық-түлік қауіпсіздігі төмендейді.

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында кешенді жоспар бекітіліп, бүгінде жүзеге асырылу үстінде. Соның бірі – кластерлік жобалар. Шаруаларды бір кооператив астында біріктіріп, оның өнімдері қайта өңдеу кәсіпорындарына жеткізіліп тұрса, бұдан шаруа да, өңдеуші кәсіпкер де ұтпаса ұтылмасы анық. Қаланың ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы шаһардағы 5 аудандағы шаруаларға кластерлік жобаны насихаттайтын 15 семинар-жиын өткізген.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады