jasqazaq.kz

ЕАЭО министрі: Бізге ешқандай ортақ валюта керек емес!

16 қантар 2017, 22:40

Еуразиялық экономикалық одақта ортақ валюта құрудың қажеттілігі жоқ. Бұл туралы бүгін Еуразиялық Экономикалық Комиссияның ықпалдастық және макроэкономиканың негізгі бағыттары бойынша алқа мүшесі (министр) Татьяна Валовая мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  «Бірыңғай валюта тақырыбы әрдайым көтеріліп келеді. Мен әрдайым айтамын, бізде ортақ валюта енгізу міндеті тұрған жоқ. Біз ол тақырыпты талқылаған да жоқпыз. Бірыңғай валютаны енгізу — утопия емес, антиутопия. Бізге қазір ешқандай валюта керек емес, бізде оны енгізуге алғышарттар да, қажеттіліктер де жоқ», — деп атап өтті ол.  «Біз Еуропалық одақтың тәжірибесін мұқият зерттедік. Біз Еуропалық одақ жасаған қателіктерді жасамауға тырыстық. Еуропалық бірыңғай валютаның енгізілу жолын қарайтын болсақ, қажеттілік пен алғышарттар болғанмен, олар оны тым жеңілдетіп жіберген. Ортақ валюта енгізбес бұрын жасалуы тиіс жұмысты олар валюта енгізілгеннен соң жасап жатыр», — дейді Т. Валовая.  Оның сөзіне қарағанда, ЕАЭО алдында бірыңғай валютаны енгізгеннен гөрі маңызды жоспарларды іске асыру мақсаты тұр.  «Біздің бірінші мақсатымыз — 2025 жылға қарай, ортақ қаржы нарығын құру. Бұл өте биік мақсат. Бұл біздің елдерге өте үлкен экономикалық әсер береді. Екінші мақсат — біздің валюта-қаржы тұрақтылығын қамтамасыз ету. Онсыз ЕАЭО дамуы қиын болады», — деді министр.

 

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады