Ең сымбатты сүрбойдақтар

28 желтоқсан 2016, 16:14

 

 

Ел болып ерекше қызығушылықпен тойын, ең болмаса сүйіктісінің суретін күтіп жүрген жұлдыз жігіттер туралы сөз қозғайық!

ТӘУЕКЕЛ МҮСЛІМ. 27 жаста. Бұл сымбатты актер, модель, тележүргізуші, әнші жігіттің сүйіктісі атану – тәуекелге бел байлаумен бірдей. Дегенмен, Тәуекелдің өзі әзірге ешкімді маңына жуытпайды. 900мыңға жуық инстаоқырманының 50% астамы ғашық қыздар екенін ескеретін болсақ, бойы 2 метрге сәл жетпейтін жігітте таңдау мүмкіндігі зор. Сұхбаттардың барлығында бұл сұрақтан қашады, бірақ шын махаббаттан қаша алмас. Тәуекел туралы біле жүретін ақпараттар:

Оның мамандығы инженер –механик

Ең алғашқы жалақысы 70 000теңге болған

Ол жасөспірім кезінде көп уақытын футбол алаңында өткізген. Қазір отандық медиатұлғалардан қүралған «Алатау» футбол командасында

Модельдік бизнеске досы алып келген

Музыкалық білімі жоқ, бірақ ән жазады.

 

АСЫЛХАН ТӨЛЕПОВ. 24 жаста. Театр және кино актеры, Алматы қаласы маслихаты депутаты. Сабырлы, еңбекқор, әрдайым дамып, өзінің болмысын үздік ету үшін ерінбей еңбектенетін жігіт. Спорт, өнер, білімді бойында ұштастыруды көздеген Асылханды бір кездері «Жаужүрек мың бала» фильмі түсірілімі кезінде көпшілік түмірілім алаңындағы әріптесі Әлия Телебарисовамен жарасып жүр деп пайымдаған еді. Дегенмен, ғашық қыздар Әлия тұрмысқа шыққанда сабырға келді. Енді мейірімді жүзді, жас саясаткердің жары кім болар деген сұраққа әлі де жауап жоқ.

Актер «Серпер» жастар сыйлығының иегері

«Жаужүрек мың бала» фильмiнде көрсеткен ерлігі мен шеберлігі үшін Бауыржан Момышұлы атындағы медальмен марапатталды.

Ол 73.8 пайызын жинап жеңіске жеткен ең жас депутат

Таэквондодан қара пояс иегері

Сұхбаттарды қазақ тілінде беріп, күнделікті мемлекеттік тілде таза сөйлейді

 

ЖАНДОС АЙБАСОВ. 27 жаста. Киноактер. Бала кезде айналысқан бокс бұл жігіттің жүзінде өз ізін қалдырған, дегенмен сурет сал, зергерлік өнерге деген қабілет Жандостың сезімтал екенін айқын көрсетеді. Сомдаған рольдері мен сұхбат беру барысындағы өзін ұстауына қарап жігітке миллиондаған қыз ғашық болып үлгерді. Ал Айсұлу Әзімбаевамен романтикалық қарым қатынастары үзілгеннен кейін Жандостығ жанында ақ көйлекпен тұруды талай қыз әлі де армандап жүр. Бұл тартымды жігіттің тойы әлі болған жоқ, алып қашпа әңгіме түк емес, сондықтан, ол ең елеулі сүрбойдақтар тізімінде.

Алғашқы меңгерген мамандығы – зергер

Сүйіп оқыған режиссер мамандығы бойынша, өз дамытуды армандайды.

Оқушы кезінде суретті жақсы салғаны үшін достары «Мона Лиза» атап кеткен

Бала кезден бокспен айналысқан

Әйгілі парфюм шығаратын әлемдік брендті жарнамалаушы ресми тұлға болды.

 

ҰЛАН ҚОНЫСБАЕВ. 26 жаста. Футболшы. Бала кезінен көзге түскен футболшы. Google браузерінде ең көп қаралатын қазақстандық футболшылардың қатарында. Сүйіктісі әйгілі IT girl Ботамен айрылысқаннан кейін, аяқдоп шеберіне, бойдақ жігітке сұраныс арта түкені анық. Жаттығу кезінен салынған фото, видео жарияланымдарға пікір білдірушілерге қарап оны байқау қиын емес. аяғына жасатқан отадан кейін жасыл алаңға қайта оралған табысты футолшы жігіт Ұланның таңдауы кімге түсер екен?

Биыл футболдағы карьерасына 10 жыл

Ұлан Қонысбаевты үздік шабуылшы деп жиі айтады

Биыл Ұлан матч кезінде аяғын сындырып алды, бірақ, тиісті деңгейде көрсетілген емнен кейін жасыл алаңға, жаттығуларға қайта оралды

 

 

ӘЛІШЕР КӘРІМОВ. 31 жаста. Талғамды, ұзын бойлы, сымбатты, мінезді жігіт әлі де жар таңдау үстінде. Ата- анасына деген ерекше құрметті әрдайым өз концерттерінде көрсетіп жүретін бұл жігіт үшін жарының үлкенге құрмет көрсете білу қасиеті, тәрбиесі ерекше маңызды.

Алғаш рет сахнаға бес жасында «Әнші балапан» байқауында шыққан

«Universal» студиясының кастинг директоры Патрик Хайнингем кинода түсу туралы ұсыныс жасаған, Әлішер ағылшын тілін білмегендіктен, бас тартқан

Қазір белсенді түрде ағылшын тілін меңгеруде

Асыл тастармен көмкерілген бағалы, танымал брендтердің аксессуарлары мен, эксклюзивті киім үлгілерін жақсы көреді.

 

toiduman.kz

Бүгін, 19:00
Ұлы мұрат - тәуелсіздік
16 шiлде, 11:51
Құнанбай Мұсаев: Соттың бар шаруасы жаппай айдатып, қамай беру емес
15 шiлде, 14:02
«Ұстанған діндеріміз, жолдарымыз бір-бірімізге дұшпан етпеуі керек».
12 шiлде, 12:18
Жанар Қалабаева: Медиациялық мәмілені жүзеге асырғанда екі тараптың да құқығы шектелмеуі керек  
11 шiлде, 15:51
Түркістан: Сауран ауданында қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары жүріп жатыр
10 шiлде, 13:25
Түркістан: Жедел-профилактикалық іс-шаралар жалғасып жатыр
10 шiлде, 13:21
Түркістан: Тәртіп сақшылары қауіпсіз қоғам қалыптастыру жолында
09 шiлде, 15:12
Түркістан: Полиция заң мен тәртіпті бұзғандарды құрықтайды
09 шiлде, 12:20
Түркістан: Тұрғындарға құқықтық көмек көрсетілуде