jasqazaq.kz

Е. Сағадиев: ҰБТ-да бір сұрақтан екі ұпай алуға болады

22 қараша 2016, 11:39

20161122105309

Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматы бойынша есеп берді. ҚазАқпарат хабарлағандай, келесі жылдан бастап түлектер мектеп дипломын алу үшін емтиxан тапсырады.

Ал жоғары оқу орнына түсу үшін бірыңғай ұлттық тестілеуді тапсыру қажет. Министрдің айтуынша, мектепті бітірген кездегі емтиxан бес пән бойынша өткізіледі. Соның ішінде төртеуі міндетті, біреуі оқушының таңдауына қарай қабылданады. «Бүгінде барлық мектептерде ондай емтиxандар бар. Оны бірыңғай ұлттық тестілеуге бармағандар тапсырып жүр. Сондықтан ешқандай өзгерістер жоқ. Бір жаңалық, бұған дейін емтиxан сұрақтарын облыстық білім беру басқармалары дайындаса, енді екі пән бойынша тест тапсырмаларын ұлттық тест орталығы әзірлейтін болады. Негізі, тест сұрақтары дайын. Сондықтан мектептерде ол сұрақтарды сынақтан өткізуге болады», — дейді Е.Сағадиев. Сондай-ақ, ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматына сәйкес, «Алтын белгі» атағын мектептердің өздері растайды. Оны ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде дәлелдеудің қажеті жоқ. «Ал ұлттық бірыңғай тестілеудің өзі жоғары оқу орнына түсу және мемлекеттік гранттарды тарату үшін өткізіледі. Тестілеудің форматы да өзгеріп отыр. Бұған дейін бес пән бойынша 125 сұрақ болған. Соның ішінде тек төрт пәннің 100 жауабы ғана ескерілсе, жаңа формат бойынша 120 сұрақ болады. Барлығы ескеріледі. Ең жоғары ұпай саны — 140. Себебі кейбір сұрақтар бойынша екі ұпай алуға мүмкіндік бар. Сөйтіп, ұлттық бірыңғай тестілеу бірте-бірте SIT-ге (System Integration Test) ауысып отыр. Тестілеу кезінде үш міндетті және екі салалық пәндер болады», — деп атап көрсетті министр.

 

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді