jasqazaq.kz

Е.Досаев: «Түртіп қалсаң, жекенің жері»

09 ақпан 2023, 15:53


Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев бүгін Бостандық ауданының тұрғындарымен кездесу өткізіп, қоғамдық орындардың көпшілігі жеке меншік иелігіне өтіп кеткенін айтты. Шахар басшысына тұрғын Өтегенов пен Тауасрұлы көшелерінің қиылысындағы бос орынды әкімдік қарауына алып, абаттандырса деген ұсыныс тілегін айтты. Бостандық ауданының әкімі Алтай Рахымбетов қаңырап тұрған саябақтың мемлекет меншігінен жекенің иелігіне өткенін жеткізді. Әкімдік жер қатынастары басқармасымен бірлесіп, қоғамдық орынды әкімдікке қайтарып алуға күш салып жатқанын да айтты. «Міне, көріңіз бе, қай жерді түртіп қалсаң да жекеменшікке өтіп кеткен» деп кейіді Ерболат Досаев. Жауапты тұлғаларға тапсырма беріп, жекенің иелігіндегі саябақты әкімдікке қайтарып, көпшілік жүретін орынды жаңартып, жаңғыртуды тапсырды.

JQ-Aqparat

04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?