Джеки Чан домбырамен ән айтты (Видео)

28 шiлде 2023, 11:45

Әйгілі актер, каскадёр, кинорежиссер Джеки Чан Қытайдың «Нағыз қаһармандар» атты әнін Шыңжаңның көрікті жайлауында домбыраның сүйемелдеуімен ән шырқады.

«Бұл әнді әртүрлі концерттерде тыңдап жүрген шығарсыздар. Бірақ домбыраның сүйемелдеуімен ешкім естімеген болуы керек. Бүгін мен сіздерге «Нағыз қаһармандарды» домбырамен айтып берейін», — дейді Джеки Чан.
Жақында ғана Джеки Чан Шыңжаңның Қытай мемлекеті «Тұлпар мекені» деп таныған Іле қазақ автономиялы облысының Моңғолкүре ауданында «Тұлпар» халықаралық туризм мерекесіне келіп, сонда өнер көрсеткен болатын. Қытайлық актердің домбырамен айтқан бұл әні осы туристік фестивальға келген кезде орындалған болуы мүмкін.
16 шілдеде 2023 жылғы «Тұлпар мекені» халықаралық туристік фестивалі Шыңжаңның Іле қазақ автономиялы облысы Моңғолкүре ауданының «Тұлпар мекені» мәдени туристік саябағында ашылған болатын. Биылғы фестивальдің ашылу салтанатына Джеки Чан, Чжан Йисин, Гули Нажа сынды қытайлық актерлер қатысты. Джеки Чан 56 этнос өкілдерімен бірге «Ұлт» әнін орындаса, көрермендермен бірге «Туған жерді жырлаймыз» әнін шырқады.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от 🇰🇿© ZTB QAZAQSTAN 2023 (@ztb_media)

JQ-Aqparat

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады