Дүрлігудің қажеті жоқ: саусақ ізі бәрінен алынбайды

03 қазан 2023, 15:14

2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап барша қазақстандықтардың саусақ ізін алатыны туралы мәлімет өтірік. Ішкі істер вице-министрі Марат Қожаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында осылай деді.

«2024 жылдың бірінші қаңтарынан бастап бүкіл қазақстандықтардың саусақ ізі алынбайды. Саусақ ізін тіркеу туралы бұл заң 2016 жылы қабылданған. Бірден айтайын, бұл Қазақстан ойлап тауып отырған жаңашылдық емес. Ондай жүйе көптеген елдерде, оның ішінде жетекші елдерде де бар», — деді Марат Қожаев Үкіметтегі баспасөз мәслихатында.
Вице-министр заң күшіне енгеннен кейін де қазақстандықтар саусақ ізін түсіртуге міндетті емес екенін түсіндірді.
«Заң 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданыла бастайды. Бұл баршаңыз саусақ ізін түсіртуге барасыздар деген сөз емес. Қажеттілігіне қарай, мысалы жеке куәліктің немесе төлқұжаттың мерзімі аяқталғанда барасыз.
Құжаттандыру жүйесі ешқалай өзгермейді. Оның үстіне жеке құжатыңызға саусақ ізі түріндегі қосымша қорғаныш тетігі енгізіледі», — деді ІІМ өкілі.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, бүгінде саусақ ізінің орнына цифрлық фотосурет енгізілген.
«Келесі кезең құжаттарға адамдардың саусақ ізін енгізу. Көпшілікті қызықтыратын саусақ іздері кодталған белгілер түрінде енгізіледі. Саусақ іздері кез келген мақсатқа қолданылмайды және ол арнайы жүйеде сақталады. Саусақтың ізі қай адамға тиесілі екенін анықтауға мүмкіндік беретін арнайы идентификатор қажет болған жағдайда ғана қолданылады», — дейді ол.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді