jasqazaq.kz

Дүниежүзілік тазалық күні: Шымкентте жалпықалалық сенбілік өтті

17 қыркүйек 2022, 18:03

Қала әкімдігінің бастамасымен қолға алынған сенбілікті кәсіпкерлер, белсенді қала тұрғындары мен еріктілер де қолдады.

Бүгін, 17 қыркүйек — «Дүниежүзілік тазалық күні (World Cleanup Day 2022)» экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласы аумағында жалпықалалық сенбілік өтті.

Тазалық шарасына Шымкент қаласы әкімдігінің аппараты, 23 басқарма мен оларға бағынысты мекемелердің, «Шымкент» ӘКК, 13 департамент қызметкерлері қатысуда. Қала әкімдігінің бастамасымен қолға алынған сенбілікті кәсіпкерлер, белсенді қала тұрғындары мен еріктілер де қолдады.

Аталған сенбіліктің мақсаты — жанашыр тұрғындармен бірлесе қала аумағын қоқыстан тазартып, абаттандыру. Сенбілікке қатысушылар қаланың барлық аумағында, саябақтар мен гүлзарларды, аула және көшелерді, арық-атыздарды қоқыстан тазартуда.

Мәселен, Еңбекші ауданы бойынша сенбілікке шыққан 5 мыңнан астам азаматтың 1 мыңға жуығы белсенді жастар. Қазірге келіп түскен мәлімет бойынша, 40 көше, 10 шақырымнан астам аяқжол, ирригациялық жүйелер тазартылған. Іске 22 техника жұмылдырылып отыр. Сенбілікте әр мекеме өзіне жүктелген аймақта тазалық жұмыстарын жүргізіп, барлық қоқыс қала сыртына шығарылады.

Ал, Әл-Фараби ауданы 500 текше метр қоқыстан тазартылды. Тазалық акциясына аудан аумағында орналасқан барлық мекемелер, кәсіпкерлер мен белсенді азаматтар атсалысты.

Сенбілікте Әл-Фараби ауданы бойынша саябақтар мен гүлзарлар, аула және көшелер, ирригациялық арықтар, контейнерлер қоқыстан тазартылды. Аулалардың шөбі орылып, қураған ағаш бұталары кесілді. Шараға 6 мыңнан астам азамат, оның ішінде 250 коммуналдық жұмысшы және 80 арнайы техника жұмылдырылды.

Айта кетейік, «Дүниежүзілік тазалық күні» — ғаламшардың тазалығы үшін күресте әлемнің 180 елін біріктірген біздің заманымыздың ең ірі азаматтық қозғалыстарының бірі. Бұл күні әлемнің түкпір-түкпірінен еріктілер жерді қоқыстардан тазарту үшін жиналады. Жағажайлар, өзендер, ормандар мен көшелер қоқыстардан тазаланады. Науқанның негізгі міндеттерінің бірі – жұртшылықты экологиялық сауаттылыққа баулу.

Қазақстанның Дүниежүзілік «World Cleanup day 2021» акциясына қатысуы Қазақстанды жаһандық әлемдік экологиялық акцияға қатысушы ретінде, «Жасыл» экономика қағидатын іске асыратын және 2030 тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді іске асыратын ел ретінде танытуға мүмкіндік береді.

Тоқтар Жақаш

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ