jasqazaq.kz

Дүбірлі доп додасының жеребесі тартылды

01 желтоқсан 2017, 23:22

Әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған 32 құрама топтағы қарсыластарын білді.

Футболдан 2018 жылы Ресейде өтетін әлем чемпионатының жеребесі тартылды. Мәскеуде өткен жеребе тастау рәсімінде финалдық кезеңге жолдама алған 32 құрама топтағы қарсыластарын білді.

Жарысты ұйымдастырушы ел ретінде Ресей құрамасы А тобына алдын-ала орналасқан. Өзге құрамалар ФИФА рейтингіндегі орындарына байланысты төрт қоржынға жіктелген еді. Осы жүйе бойынша жеребе тартылып, құрамалардың қарсыластары анықталды.

Мәскеудегі салтанатты шараны бұрынғы ағылшын футболшысы Гари Линекер мен ресейлік тележүргізуші Мария Командная жүргізді. Сондай-ақ Ресей президенті Владимир Путин сөз сөйлеп ашты. Ал француз Лоран Блан, ағылшын Гордон Бэнкс, италиялық Фабио Каннаваро, бразилиялық Кафу, неміс Мирослав Клозе, аргентиналық Диего Марадона, испандық Карлес Пуйоль, уругвайлық Диего Форлан және ресейлік Никита Симонян құрметті қонақтар қатарында болды.

А тобы: Ресей, Египет, Сауд Арабиясы, Уругвай;

В тобы: Португалия, Испания, Марокко, Иран;

С тобы: Франция, Перу, Дания, Аустралия;

D тобы: Аргентина, Хорватия, Исландия, Нигерия;

Е тобы: Бразилия, Швейцария, Коста-Рика, Сербия;

F тобы: Германия, Мексика, Швеция, Оңтүстік Корея;

G тобы: Бельгия, Панама, Тунис, Англия;

Н тобы: Польша, Колумбия, Сенегал, Жапония;

Әлем чемпионатының ашылу ойыны Ресей мен Сауд Арабиясы құрамалары арасында өтеді.

Әлем чемпионатының финалдық кезеңі 2018 жылдың 15 маусымы мен 15 шілдесі аралығында Ресейдің 11 қаласындағы 12 стадионда өтеді.

Айта кетейік, әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне Исландия мен Панама құрамалары өз тарихтарында бірінші рет шығып отыр. Қалған құрамалар бұған дейін әлем біріншілігінің финалдық кезеңіне шыққан.

Vesti.kz

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда