«Дос-Мұқасандағы» Саня – Александр Литвинов өмірден өтті

04 тамыз 2023, 13:55

«Дос-Мұқасан» ансамблін құрушылардың бірі Александр Литвинов өмірден өтті.

Ансамбльдің Инстаграмдағы парақшасында: «Бүгін түнде 75 жасында Литвинов Александр Михайлович өмірден өтті. Ол біздің ансамбльдің құрушылардың бірі, барабаншы болды. «Дос-Мұқасан» ансамблі марқұмның туыстары мен жақындарына, балаларына қайғыра отырып, көңіл айтады. Ол біздің жүрегімізде ең шынайы, мейірімді, адал, жауапты және жарқын адам ретінде қалады. Топырағы торқа болсын», — деп жазылған.

«Дос-Мұқасан» эстрадалық вокальді аспаптар ансамблі 1967 жылы Қазақ политехнологиялық иниститутының (қазіргі Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті) жанынан құрылды. Ансамбльдің атауы оны ұйымдастырушылар (Досым Сүлеев, Мұрат Құсайынов, Қамит Санбаев, Александр Литвинов) есімдерінің (Досым, Мұрат, Қамит, Саня) алғашқы буындарынан құралған.

JQ-Aqparat

 

 

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады