jasqazaq.kz

Дорбасыз келген Аяз атаны шық бермес Шығайбайға теңеді

31 желтоқсан 2016, 20:52

Ақтөбе облысының Хромтау ауданында жаңажылдық шыршаға Аяз ата дорбасыз келген. Бұл туралы әлеуметтік желіде жергілікті тілші Бейбіткүн Кәметия жазды.

tilshi.kz хабарлағандай, «Сіз қалтасы (дорбасы) жоқ Аяз ата көрдіңіз бе? Ал, мен көрдім. Шықбермес Шығайбай сияқты дым шығармады. Балалар өлең оқып, əн салып би де биледі. Қолына бір түйір тəтті ұстатпады. Бала қайдан ашылады?», — деп қынжылыс танытты Бейбіткүн Кәметия.

Оның хабарлауынша, Аяз ата балаларды «топпен секіртіп, билетіп қоя салды».

«Жаңа жылдан ғажайып күтетін балалар бұл жолы дағдарыс əбден жүнжіткен Аяз атаға өз өнерлерін көрсетті. Қымбатшылық Аяз ата тұратын мекенге өз əсерін тигізбей қоймапты. Əр баланың билет ақысынан құралған қаражат бюджетіне жұғым да болмай, Аяз атанын ертеңгілікте тек өз бойын көрсетіп кетуге жеткен», — дейді хромтаулық тілші.

Жаңажылдық шыршаны тамашалау үшін әр баладан 500 теңгеден жиналған.

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті