jasqazaq.kz

Діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен қамауға алынды

23 желтоқсан 2016, 21:51

Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Ат-Такфир уаль-Хиджра» діни-экстремистік ұйымының ұяшықтарын бейтараптандыру бойынша арнайы операцияны аяқтады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

inform.kz хабарлағандай, 21 желтоқсанда басталған операция кезінде Ішкі істер органдары бөлімшелерімен бірлесе діни алауыздықты қоздырды және аталған ұйымның іс-әрекетіне қатысты деген күдікпен барлығы 33 адам ұсталды. «Ат-Такфир уаль-Хиджра» жақтаушыларының тұратын және жиналатын мекенжайлары бойынша жүргізілген тінту барысында діни материалдар, компакт-дисктер, компьютерлік техника және үлкен сомада ақша табылып, алынды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Бүгінгі күні алынған айғақтар жиынтығы бойынша «Ат-Такфир уаль-Хиджра» ұяшығының 7 көшбасшысы мен белсенді қатысушыларына қатысты қамауға алу түрінде, біреуіне — ешқайда кетпеу жайында алдын алу шаралары қолданылды. 8 адамға қатысты келу туралы міндеттеме түрінде процессуалдық мәжбүрлеу шарасы таңдалды. Ұйымның қатардағы 17 мүшесі әзірше тергеуге куәгер ретінде тартылады. Ұсталған адамдардың көпшілігі мойындау түсініктерін берді және тергеумен ынтымақтасып жұмыс істеуге ниет білдірді. Олардан радикалдық идеология насихатталатын жасырын жиындарды өткізу туралы мәліметтер алынды. Сонымен қатар қазақстандық ұяшықтардың іс-әрекеті шетелден басқарылып отырған. Жедел-тергеу іс-әрекеттері жалғасуда.

 

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті