Динара Сәтжан: Алла қаласа, дүниеге сәби әкелемін

15 қыркүйек 2023, 14:11


Тележүргізуші, кәсіпкер Динара Сәтжан отандық бағдарламаға сұхбат берген кезінде жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап берді.
Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Кәсіпкер не себепті жеке өмірін құпияда ұстайтынын түсіндірді.
“Кейде мен өзіме риза боламын. Адамдар ғашық болып, ақымақтықпен суретін жариялайды, кейін айырылысып жатады. Ал ғаламтор оның бәрін сақтап, еске түсіріп отырады. Сол себепті жеке өмірімді құпияда ұстағаным дұрыс болған деп ойлаймын. Мен ерте тұрмысқа шықтым, ол кезде әлеуметтік желі болған жоқ. Бірақ менің бұрынғы күйеуіммен бірге түскен суретім әлеуметтік желіде бар. Мен жасырмаймын. Болашақта тұрмысқа шыққанда, күйеуім жүзігін салғанда және оның менің азаматым екеніне сенімді болғанда міндетті түрде күйеуімнің суретін жариялаймын. Оған сенімді болмайынша мен ештеңе айтып, көрсете алмаймын. Иә, қарым-қатынаста болдым. Кім қарым-қатынас құрмай жатыр?”, – дейді Динара Сәтжан.
Тележүргізуші қай жаста да махаббат керек деп санайды.
“Мен ұзақ уақыт қарым-қатынаста болмаған адам ретінде, махаббат керек деп айтар едім. Себебі, жалғыз болу – қиын. Маған ер азаматтың қолдауы керек деп айтпаймын. Өйткені мен материалдық тұрғыдан ешкімге тәуелсіз әйелмін. Жәй ғана жанымда менен де мықты, ақылды, дана ер азамат болғанын қалаймын. Қанша мықты болсаң да, әйел болып бір сәтте әлсіздік танытқың келеді. Жалғыздық ешкімге жараспайды. Болашақта ерте ме, кеш пе маған лайықты ер азамат жолығатынына, отбасын құратыныма сенімдімін. Алла қаласа дүниеге сәби әкелемін. Бірақ жалғыз қалмаудың амалын жасап, уақытымды алатын ер азаматпен кездеспеймін. 20, 40, 50 мейлі 60 жас болсын махаббат қашан да керек”, – дейді.

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді