Дина Төлепберген: Өзіңді отбасына қажетсіз адамдай сезінесің

27 қыркүйек 2023, 11:53

Тележүргізушісі Дина Төлепбергенова тұрмысқа шықпаған қыз-келіншектерге ақылын айтты. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
«28 жасымда тұрмысқа шықтым. Өзім шырайлы Шымқаладан болған соң туыстарымның мені кәрі қыз деп атай бастағаны жасырын емес. Әлгіндей пікірді қазір мен құлағымның ұшына да қыстырмас едім. Бірақ ол кезде жағдай басқаша болатын. «Қашан тұрмысқа шығасың? Неге жігітің жоқ? Осылай жүре берсең, сені кім алады?» деген сауалдар қойылып, тап осылай туыстарың сені тергеуге алғанда, өзіңді сол бір отбасына қажетсіз адамдай сезінесің», – дейді тележүргізуші.
Ол тұрмысқа шықпаған қыздардың ата-аналарынан оны артық сұрақтармен мазаламауын сұрады.
Қыздың бойында қорқыныш сезімін қалыптастыру, кінәлі сезімін ояту, өз-өзіне деген сенімді жоғалтуға бағытталған нағыз фашистік іс-әрекет дер едім. Сондықтан қымбатты ата-аналар, сіздерге айтар үлкен өтінішім бар. Егер қызыңызға риясыз бақыт тілесеңіз, «қашан?» деген сұрақтың қойылуына қатаң түрде тыйым салып тастаңыз. Әр қыздың өз шекарасы бар және мәреден асуға ешкімге рұқсат жоқ. Әр қыз өз орнын табады, кезі келеді», – деді журналист.

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді