Қазақстандық танымал әнші Димаш Құдайберген Қытайда «IQIYI awards» нұсқасы бойынша жыл әншісі атағын жеңіп алды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жариялады. «Армандар орындалады! Жыл сайын өтетін «IQIYI awards» марапатында «Жылдың ең үздік əншісі» номинациясы бойынша жеңіске жеттім. Баршаңызға рахмет! Қуаныштымын!!!#Dears, сіздердің арқаларыңызда Айта кетейік, Димаш Құдайберген Гонконгта жыл әншісі атанған еді. Сонымен қатар, ол MTV Music Awards премиясын және Asian Music GaLa премияларын жеңіп алған еді.