Диқан да, тұтынушы да риза

28 шiлде 2023, 9:26

Шаһардағы жергілікті тауар өндірушілер мен шаруа қожалықтардың қатысуымен өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі қаланың әр нүктесінде ұйымдастырылып келеді. Мәселен, әр аптаның сейсенбісінде Нұртас шағын ауданы №1/6 («Стандарт Сити») үйінің артындағы автотұрақ аумағында сағат 15:00-18:00 аралығында өтсе, аптаның сәрсенбі күні Нұрсәт-3 шағын ауданы №52 үйдің жанындағы автотұрақ аумағында, бейсенбіде Тұран шағынауданы №763 «Turan Tower» сауда орталығы жанында, жұмада Шымсити шағынауданы №135 жалпы орта мектебі жанында және Тұран-2 шағынауданы №43 үйдің қарама-қарсы бетінде өтеді екен. Ал, сенбі күні «Қажымұқан» атындағы орталық стадионның көлік тұрағында және «1000 ұсақ-түйек» сауда қатарының алдында таңғы сағат 08:00-15:00-ге дейін, жексенбіде Нұрсәт шағынауданындағы «Рахима плаза» сауда орталығының жанында ұйымдастырылады.

Шаһар әкімдігі тарапынан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар мұнымен шектелмеген. Қалада әлеуметтік маңызы бар тауарларының қымбаттауын болдырмау және делдалдардың қызметін реттейтін арнайы комиссия құрылған. Бұл топ сауда орындары мен базардағы азық-түлік тауарларының негізсіз өсуін бақылайды. Арнайы комиссия жыл басынан бері 50-ге жуық бақылау жүргізіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті негізсіз өсірген дүкендерге ескерту жасаған екен. Өз кезегінде азық-түлік бағасының тұрақтылығында жәрмеңкемен бірге жылжымалы әлеуметтік сауда орындарының маңызды рөл атқаратынын да айта кеткен жөн.

Бүгінгі таңда көкөніс өнімдерін сататын 200 жылжымалы әлеуметтік сауда орындары белгіленіп, қазіргі сәтте орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көшпелі сауда нүктелерінде күнделікті тұтынатын азық-түліктер жәрмеңкедегідей нарықтан 20 пайызға төмен саудаланатынын қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасынің өкілдері мәлімдеп отыр. Басқарманың мәліметіне сүйенсек, мұндай сауда нүктелері жыл соңына дейін 300-ге жетеді екен. Бұл дүкендерде тұрақты баға қойылған азық-түлік тауарларының 19 түрі белгіленген. Оның ішінде күнделікті тұтынатын қант, ұн, жұмыртқа, нан және ет өнімдері бар. Тауар бағасын тұрақтандыру мақсатында шаруа қожалықтарымен форвардтық келісім-шарттар түзілді. Келісім негізінде кәсіпкерлер 2 мың тоннаға жуық өнімді 2023-2024 жылғы маусымдық кезеңде саудаға шығарады.

Саудаға делдал араласты дегенше, баға шарықтады дей беріңіз. Ауылдағы ағайын азабын тартып өсірген малды арзанға алатын алыпсатарлар, базарға шыға қымбатқа саудалайды. Олай болса, егіс алқабынан тікелей әкелінген азық-түлік іздесеңіз қаладағы жәрмеңкеге барыңыз. Өз кезегінде қала әкімдігінің көздегені жүзеге асқандай. Жәрмеңкеде өзіміз куәсі болғандай келген шаруа да, оның өнімін алған тұтынушы да риза.

Мерей Әлімбек

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады