Дихандар жаңа технологияны меңгеруде

31 тамыз 2023, 10:24

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы мамандары мен шаруа қожалықтардың төрағалары бас қосып, инновациялық жаңалықтарды өндіріске енгізу мақсатында арнайы жиын өткізді. Бұл орайда бау-бақша дақылдарымен бірге салат көкөністерін өсіру алқаптарын кеңейту, өнім көлемін арттыру мәселелерін талқылады. Адам азғасы үшін пайдалы бұл өнімге деген сұраныс бүгінгі нарықта артып отыр. Олай болса отандық және шетелдік селекция бойынша салат көкөністерінің ең озық сорттарын конвейерлік технологиямен қалай өсіруге болады? Ауылшаруашылығы мамандарының бас қатырған мәселесі де осы болды.

Айта кету керек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту – негізгі проблеманың бірі екенін, бұл саладағы ахуал мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігіне тікелей әсер ететіндігін айрықша атап өткен болатын. «Шаруалардың өзара ұжымдасуы ауыл шаруашылығын дамытуға жол ашып отыр. Біз осындай пилоттық жобаны жүзеге асырдық. Оған қатысқан ауыл шаруашылығы кооперативтерінің егіні екі есе артық өнім берген. Әр өңірдің ерекшелігін ескере отырып, оң тәжірибені бүкіл елге біртіндеп тарату қажет. Бұл салада озық технологиялар тапшы. Оны меңгеруге мән берілуі қажет» деген болатын Президент.

«Салат көкөнісінің сорттары, соның ішінде райхангүл, салат жапырағы, брокколи қырыққабаты, ақжелкен, руккола, аскөк, жасыл пиязды ашық далада өсіру ауыл шаруашылығының көкөніс кластерін әртараптандыруға ықпал етеді. Нәтижесінде халық сапалы өніммен үздіксіз қамтамасыз етіледі». Мамандар осылай деп отыр. Сондай-ақ, жасыл көкөністерді өсірудің конвейерлік технологиясы жыл бойы салат көкөністерін алуға мүмкіндік береді екен.

Агроөнеркәсіп кешенінің жұмысшылары мен мамандары, шаруа қожалығының дихандары семинар-жиын барысында тәжірибе үшін ризашылығын білдіріп, Шымкент өңірінде ауыл шаруашылық саласын дамытуға өз үлестерін қосуға мумкіндік туғанын айтып отыр.

Мерей Әлімбек

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз