jasqazaq.kz

Диана Тәшімбетова «Әлем аруы Қазақстан-2022» атағынан айырылды

30 желтоқсан 2022, 18:00

«Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастыру комитеті Диана Тәшімбетованы «Әлем аруы Қазақстан-2022» атағынан айырды. Бұл туралы ұйымдастыру комитетінің ресми мәлімдемесінде айтылған. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Конкурс пен оның қатысушыларына жала жабылып, атағына сызат түсірген посттар мен тікелей эфирді жариялауына байланысты биылғы «Әлем аруы Қазақстан-2022» жеңімпазы Диана Тәшімбетованы атағынан айырамыз.

Диананың сөзі тек ұйымдастыру комитетінің мүшелері мен оның серіктестерін емес, сонымен қатар, байқаудың басқа қатысушыларын да негізсіз қаралап отыр. Біз бұны басқаларға деген үлкен құрметсіздік және басқалардың еңбегін бағаламау деп санаймыз. Қарапайым қыздардың танымал болуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істей отырып, ұйымдастыру комитеті үлкен іс атқарып қана қоймайды, сонымен қатар, басқа мүшелер мен серіктестер алдында толық жауапкершілікті өз мойнына алады.

Финалдық шоуға, пиар-компанияға, Диана Тәшімбетованы байқауға қатысуға дайындауға және оның имиджін дамытуға орасан зор қаражат пен күш жұмсалған, ал оның көрсеткен құрметсіздігі мұндай адамның еліміздің намысын қорғайтын «Ару» атағына лайық емес екенін көрсетеді.

Байқауды ұйымдастыру комитеті қолдауларыңызға алғыс білдіреді және байқауға қатысушыларды бір-бірін құрметтеуге, өз сөзіне жауапкершілікпен қарауға және компания дирекциясына түсіністікпен қарауға шақырады», — делінген хабарламада.

«Қазақстан аруы — 2022» финалисі Диана Тәшімбетова сұлулық конкурсының ұйымдастырушыларына шағымданған.

Бойжеткен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Қазақстан атынан «Әлем аруы» сұлулық байқауына қатыспайтынын, себебі «Қазақстан аруы» ұлттық сұлулық байқауының ұйымдастыру комитеті тарапынан қаржыландыру болмағанын мәлімдеген.

Осы шағымға байланысты конкурстың ұйымдастыру комитеті бейсенбі күні ресми жауап берді.

«Ресми хабарлаймыз:

1. АҚШ-қа виза мен билетті Диана сұлулық конкурсына қатысу үшін алмаған, оны жеке мақсатта қыркүйекте рәсімдеген.

2. Диана кешкі көйлектерін өзі дайындады, себебі біз ұсынған және отандық дизайнерлердің нұсқалары Тәшімбетованың және оның отбасының көңілінен шықпады.

3. Диана отбасымен бірге АҚШ-та тұру мақсатында сол елге кетті, сол үшін біз «Әлем аруы» байқауында ел намысын қорғайтын қатысушы ретінде одан бас тарттық. Себебі, басқа елде тұратын адам Қазақстанды халықаралық аренада таныстыруға толық дайындала алмайды», — делінген хабарламада.

06 қазан, 11:27
Алматыда Азаматтық қоғамды дамытуға арналған форум өтті
30 қыркүйек, 11:51
Алматы: Сапалы ауыз сумен қамту бағытында
25 қыркүйек, 13:46
Алматы: Көлік инфрақұрылымындағы жаңа белес
25 қыркүйек, 13:15
Бүгінгі Әлемнің Тілеуі – Қауіпсіз Ғалам
23 қыркүйек, 16:23
"Үлкен Алмадағы" жемісті жүздесу
22 қыркүйек, 15:31
TEKNOFEST 2025: Стамбулды технология ордасына айналдырған фестиваль өтті
20 қыркүйек, 23:04
PRO.NRG Fest 2025: Тамыры тереңнің бұтағы биік
20 қыркүйек, 12:12
Қала күніне орай ауданда жаңа жүргіншілер аймағы ашылды
03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке