Диқан қызылшасын өткізе алмай әлек

09 қараша 2016, 21:41

yzylshaҚызылшадан шыққан шу! Көксу қант зауытының алдын күні-түні торуылдаған Алматы облысының шаруалары айқай шығаруға мәжбүр болды. Өйткені жаз бойы өсірген қызылшалары тиелген көліктер зауыт алдында қабылданбай, қаңтарылып тұр. Тіпті, ұзын-сонар кезек кезінде кәсіпкерлердің бірі кенеттен жүрегі ұстап қайтыс болған. Ал, кәсіпорын басшылары бұның бәріне шаруалардың өздерін кінәлайды.

Биылғы жаз Алматы облысының шаруалары үшін жайлы болғанға ұқсайды. Көксу қант зауытына қызылша облыстың түкпір-түкпірінен келіп жатыр. Көкөніс тиеген көліктердің көптігі соншалық, бірнеше шақырымға созылған кептеліс республикалық маңызы бар «Өскемен-Алматы» тас жолының жұмысына кедергі келтіріп отыр.

Әнуар Нұртаев, шаруа:

-Жан-жақтан тасып жатыр.  1-2 күнде бітіп кететін шаруа еді. Енді ұзаққа қалатын сияқтымыз. Дұрыстаса екен.

Зауыт басшылығы болса, өздерінің де, өзгенің де жұмысына кедергі келтіріп отыр деп шаруаларға өкпелі. Өйткені қызылшаның көбі шіріп кеткен, топырағы да тым көп. Сапалы өнімді іріктеуге уақыт кетеді деген зауыт өкілдері диқандар көкөністің арасына тіпті тас қосып та жіберетінін айтуда.

Галина Баймырзаева, Орталық Азия Қант корпорациясының басшысы:

— Қызылшаның сапасы өте нашар. Шірігі өте көп. Сұрыптап, дұрысын алу керек. Ол жұмысты істеу үшін қосымша адам алып жатырмыз. Еңбектің далаға кетпей, өнімнің көп болғаны жақсы, әрине. Бірақ сапаға да мән беру керек қой.Қызылша емес, ұсақ сәбіз секілді. Күніне осындай 3-4 машинаны кейін қайтарып жатырмыз.

Бір қызығы, шаруалар мен зауыт басшылығының арасындағы дауды шенеуніктер шеше алмаймыз деп отыр. Себебі, тауар өндірушілердің шаруасына араласуға құқықтары жоқ екен. Бірақ қант қызылшасын тапсыру мәселесін жоспарлау керек дегенмен, оны да енгізе алмай отырған көрінеді.

Каюмчан Омаров, Алматы облыстық ауыл шаруашалығы басқармасы басшысының орынбасары:

-Біз өз тарапымыздан жоспарлау жағын қолға алғанмен, оны ешкім орындамайды. Себебі, шаруа өнімін тазалап, тиеп, өткізіп, кейін қайтуды ойлайды. Кезекке де қанша тұру керек болса, сонша тұрады.

Бұл жағдайға Қазақстан шаруалар одағындағылар да алаңдаулы. Олар, зауыт басшылығына қызметкерлерінің жұмыс уақытын қайта қарауды ұсынып, қызылшаны күндіз-түні қабылдату керек дейді.

ktk.kz

26 қараша, 14:17
Ғажайып крем қалтаны қақты
25 қараша, 14:24
Арнайы алимент қоры қашқын әкенің жүгін жеңілдетеді
24 қараша, 21:50
Алматыда XVII Халықаралық «Еуразия» кинофестивалі басталды
19 қараша, 15:33
Дәлел Уәшев: Қазақтың дәстүрлі өнері мен мәдениетін жетік біліп,  құрметпен қарауға міндеттіміз
12 қараша, 11:05
Red+ арқылы сатып алсаңыз 15% бонус
25 қазан, 11:56
Астық пен тасымал көбейсін!
23 қазан, 14:22
Президент: Бейбітшілік пен тыныштық - біздің ең құнды байлығымыз
18 қазан, 11:59
Алаяқтық жолмен несие рәсімдеуге банктердің қатысы бар ма?
16 қазан, 14:48
Қызылордада інісінің куәлігімен ағасын соттап жіберген