jasqazaq.kz

Дербес деректерді қорғау талабын бұзғандар жауапкершілікке тартылады

01 желтоқсан 2025, 16:06

Үкімет аппараты азаматтардың дербес деректерін қорғауға қатысты сауалды қарап, тиісті шаралар қабылданып жатқанын хабарлады. Премьер-министрінің орынбасары — жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, дербес деректерді заңсыз пайдаланғаны үшін «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 79-бабында және 641-бабының 1) тармақшасында әкімшілік жауапкершілік, ал Қылмыстық кодекстің 147-бабында қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Осы орайда министр: «2025 жылдың басынан бастап уәкілетті орган дербес деректерді қорғау саласындағы заңнаманың сақталуына 69 жоспардан тыс тексеру жүргізді. Соның нәтижесінде жалпы 10 665 350 теңге көлемінде айыппұл салынып, 22 заңды және лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», — деді.
Сондай-ақ «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» заңды бұзғаны үшін субъектіге бармай-ақ 1 248 410 теңге сомасына 17 жеке тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді