jasqazaq.kz

Депутат КҚК терминалына дрон шабуылын қолдайтындарды жазаға тартуды талап етті

17 желтоқсан 2025, 20:35

Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Каспий құбыр желісі консорциумына (КҚК) жасалған дрондар шабуылын біздің елімізде қолдап отырғандарды жауапқа тарту керек дейді. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында депутат «Аманат» партиясы мүшелерінің Үкіметке сауалын оқып берді.

Айдос Сарым дрондардың КҚК-ның Новороссийскідегі терминалына жасаған шабуылы салдарынан танкерлерге мұнай толтыратын құрылғы істен шығуы туралы айта келе: «КҚК арқылы жылдық түсім — 30 млрд доллар. Соның үштен бірі Қазақстан Ұлттық қорына түсіп, елдің салық түсімінің шамамен 20 пайызын жабады. Мамандардың есебінше, экспорт тежелсе, шығын 500 млн долларға жетуі мүмкін», – деді.

Депутат әлеуметтік желіде КҚК-на жасалған шабуылды ашық қолдайтын жазбалардың жарияланып жатқанына алаңдаушылық білдірді. Осы орайда Айдос Сарым осындай жазба авторларын «терроризмді насихаттау», «сатқындық» баптарымен жауапқа тартуды талап етті.
Айта кетейік, өткенде энергетика министрі Ерлан Ақкенженов еліміз Каспий құбыр консорциумы (КҚК) үшін танкерлерге мұнай айдайтын екі қымбат құрылғы сатып алатыны жөнінде мәлімдеген болатын.

JQ-Aqparat

Фото: sputnik

Бүгін, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді