jasqazaq.kz

Түркістан: «Дендросаябақта» күзгі ағаш отырғызу акциясы өтті

08 қараша 2025, 21:09

Түркістан қаласында экологиялық мәдениетті дамыту және қаланы көгалдандыру мақсатында «Дендросаябақта» күзгі ағаш отырғызу акциясы өтті.

Акцияға қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, қалалық мәслихат депутаттары, зиялы қауым өкілдері, ерікті жастар, мемлекеттік қызметкерлер мен белсенді тұрғындар қатысты. Қатысушылар табиғатты қорғау мен экологиялық сана қалыптастыру бағытында өз үлестерін қосып, бірлесе тал отырғызды.

Шара барысында қала әкімі Әзімбек Пазылбекұлы Түркістанның экологиялық тепе-теңдігін сақтау мен тұрғындардың табиғатқа жанашыр көзқарасын қалыптастырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, қала басшысы қоғамды «Таза Қазақстан» сынды экологиялық бастамаларды қолдауға шақырды.

Аталған шара барысында Дендросаябақ аумағына 1 500 шұңқыр дайындалып, 900 дана үйеңкі, 300 дана сафора, 200 дана ива және 100 дана туя ағаштары егілді. Жалпы шараға 300-ден астам адам қатысып, экологиялық мәдениетті арттыруға өз қолдауын білдірді.

Айта кетейік, биылғы күзгі маусымда қала аумағында 124 250 түп ағаш отырғызылып, жалпы жасыл желек саны 1 миллион 460 мыңнан асты. Ал жыл басынан бері «Таза Қазақстан» акциясы аясында 30 сенбілік ұйымдастырылды.

Түркістан қаласы әкімдігі 

Бүгін, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді