jasqazaq.kz

Декларация тапсыру дауға айналды

26 қазан 2016, 23:42

snimok

Үкімет тағы бір маңызды жобаны құрдымға жіберді. Қаржы министрлігі шенеуніктерден бастап тұрғындарға дейін жаппай декларация тапсыруды міндеттейтін істі мандыта алмаған. Сондықтан 2017 жылдың 1-ші қаңтарынан басталуы тиіс ауқымды шаруа тағы 3 жылға кейінге шегеріліп отыр. Бұған қатты шамданған Мәжіліс спикері кінәсін мойындағысы келмегендердің өзіне шүйлікті.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс төрағасы:

— Қаржы министрлігі жалпы декларацияға дайындықты құрдымға жіберді. Енді оны 2020 жылға қалдырып отыр. Ал Парламенттің есігінен шыққан соң, «декларацияға депутаттар қарсы» деп сұхбат беріп жүр. Ұялмайсыздар ма?…

Бірақ бүгін Мәжілісте болмаған Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов үшін бұл іске жанама қатысы бар Ұлттық экономика министріне біраз ақталуға тура келді. Қуандық Бишімбаевтың сөзіне сенсек, шаруаның шатқаяқтауына табысты тіркейтін арнайы электронды жүйе мен базаның дайын болмауы себеп екен. Енді атқамінерлер, судьялар, депутаттар мен ұлттық компания қызметкерлері қанша жалақы алатынын оған қандай мүлік сатып алғанын 2020-шы жылдан бастап тізіп беруі тиіс. Қымбат көлік, зәулім үй мен құнды қағаздарға қалай қол жеткізгендерін түсіндіруге заңмен міндеттелмек. Үш жылдан соң шенеуніктермен бірге қарапайым тұрғындар тіпті зейнеткерлерге дейін декларация толтырады. Яғни, пәтер, машина, басқа да жылжымайтын мүлік алса оны декларацияға жазып салық төлеуі керек. Үкіметтің ойынша, бұл бюджетке түсетін қаржыны еселеп көбейтуге көмектеспек.

ktk.kz

17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді