Дәрігерлерді ұрып-соққан екі күдікті ұсталды

20 қыркүйек 2023, 11:10

Алматы облысының полиция қызметкерлері Талғар ауруханасында дәрігерлерді ұрып-соққан екі күдіктіні ұстады.

Алматы облыстық полиция департаменті мәлім еткендей, 19 қыркүйек күні сағат 10:35 шамасында Талғар аудандық полиция басқармасының кезекші бөліміне аурухананың 27 жастағы реаниматологы мен 21 жастағы медицина қызметкерін белгісіз біреулер ұрып-соққаны туралы хабар түскен.

«Бұл дерек ҚР ҚК 106-бабы 2-бөлігі бойынша аудан полициясында тіркелді. Жедел іздестіру шаралары барысында Талғар ауданының полиция қызметкерлері 1987 жылы туған Ш. және 1994 жылғы Н. есімді күдіктілерді анықтап, қолға түсірді. Қазіргі уақытта оқиғаның бүкіл мән-жайын жан-жақты, толық және объективті зерттеу үшін сараптама тағайындалып, тергеу жүріп жатыр», — деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Өзге ақпарат ҚР ҚПК 201-бабы аясында жарияланбайды.

Еске салайық, кеше Талғар аудандық ауруханасында әкесінің қайтыс болғанын естіген ұлдары медицина қызметкерлерін ұрып-соғып, марқұмның денесін ұрлап кеткен еді.

JQ-Aqparat

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді