jasqazaq.kz

Дариға Бадықова заңгермен бірге экс-күйеуінің үстінен арыз түсірді

08 қазан 2025, 14:39

Актриса Дариға Бадықованың бұрынғы күйеуі Дархан Мұсаевтың сұхбатынан кейін қоғамда қызу пікірталас жүріп жатыр. Осыған қатысты соңғы жаңалық: Дариға Бадықова бұрынғы күйеуінің үстінен арыз жазғаны.

Заңгер Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі желідегі парақшасында деп былай деп жазды:

«Адамның жеке өмірі мен жеке шекарасын құрметтеуді үйренетін уақыт жетті! Дариға барынша сабырлық пен түсіністік танытып келді. Бірақ отбасылық құпияны жария ету, жеке хат алмасулар мен аудио-видеожазбаларды көпшілікке таратамын деп мәлімдеу — бұл адамның ар-намысына тиіп қана қоймай, қылмыстық жауапкершілікке тартылуы мүмкін әрекет! Мұндай әрекет — бопсалау мен қысым көрсетудің айқын көрінісі. Бүгін біз Дарханның үстінен ресми түрде арыз түсірдік. Бұл шешімге баруға мәжбүр болдық, себебі заңсыздыққа үнсіз қарау – әділетсіздікке жол беру деген сөз. Енді бәрі заң аясында, құқықтық алаңда шешіледі деп сенеміз. Дариға әлеуметтік желіде өз өмірін талқылауға міндетті емес. Жеке өмір – адамның ең қасиетті кеңістігі, оған қол сұғу – адам құқығын бұзу! Заң бәріне ортақ. Оны орындау – қоғам алдындағы азаматтық және адамдық міндет! Біз әділдіктің орнауына сенеміз».

JQ-Aqparat

Сурет: Әлеуметтік желі
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі - судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Сұңғат Есімханов: Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді